• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

«Қателік қайталанбауы тиіс». Қарашөкеев Рысқұлов ауданы әкімдігіне ескерту жасады

17.05.2024
0
«Қателік қайталанбауы тиіс». Қарашөкеев Рысқұлов ауданы әкімдігіне ескерту жасады
43
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Т. Рысқұлов ауданына жұмыс сапарымен барды.

Мемлекет басшысының «Барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес аймақ басшысы алдымен аудан тұрғындарымен кездесті. Жиынға бірқатар басқарма мен құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

Облыс әкімі алдымен өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне қысқаша тоқталып, алдағы мақсат-міндеттерді баяндады.

Облыстың негізгі бағыттарының бірі ауыл шаруашылығы десек, салада өткен жылы 567,2 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Сонымен бірге 517,2 млрд теңге инвестиция тартылған.

Бос жатқан және заңсыз пайдалануға берілген 201 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Биыл 80 мың гектар жерді қайтару жоспарланып отыр. Жалпы, 2025 жылға қарай жайылым жер тапшылығы толығымен шешімін табады деп күтілуде.

Ербол Қарашөкеев жауаптыларға мемлекеттік қолдаудың қарапайым шаруаларға, тұрғындарға жетуі керектігін баса айтты. Сонымен қатар, аудан әкімдігіне кәсіпкерлік саласын дамыту, аймаққа инвесторлар тарту міндетін қойды. Жергілікті жерде ірі кәсіпорындардың құрылуы халықтың тұрақты жұмыспен қамтылуына, аймақтың экономикалық дамуына ықпал етері сөзсіз.

Т. Рысқұлов ауданында құрылыс жұмыстары қарқын алып, салада оң өсім байқалады. Дегенмен, Жарлысу ауылындағы ауыз су құрылысы мерзімінде аяқталмай отыр.

Жарлысулықтар сапалы ауыз суға әлі күнге дейін қол жеткізе алмай келеді. Мәселе мердігер компанияның жұмысты жүйелі жүргізе алмауынан туындаған. Бұл аудан әкімдігі тарапынан қатаң бақылаудың жоқтығын көрсетіп отыр. Қазір заң аясында тиісті шара қабылданып, мердігер өз қаражаты есебінен жұмыстарды қайта қолға алды. Қателік қайталанбауы тиіс, — деген аймақ басшысы жауапты аудан әкімінің орынбасарына ескерту жасады.

Ербол Қарашөкеев әлеуметтік салаға жеке тоқталды, аудан әкімінің осы бағытқа жауапты орынбасарына балалардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі ұтымды ұйымдастыруды бақылауға алуды тапсырды.

Жиында аудан әкімі мен орынбасарлары атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.

Сұрақ-жауап бөлімінде аудан тұрғындары бірқатар мәселені көтеріп, ойларын ортаға салды. Атап айтқанда, әлеуметтік салаға, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау саласына қатысты және жайылымдық жер, суармалы су, шалғай ауылдарға көгілдір отын тарту проблемасын қозғады. Сондай-ақ, Тереңөзек ауылының тұрғындары жасөспірімдердің уақытын тиімді пайдалану мақсатында ауылға спорт нысанын салып беруді сұрады.

Өз кезегінде Ербол Қарашөкеев халық көтерген сауалдар қараусыз қалмайтынын атап өтті. Айтылған ұсыныс-пікірлер мен сын-ескертпелер бойынша тиісті іс-шаралар жоспары әзірленеді.

Бұдан соң, облыс әкімі азаматтарды қабылдап, жеке мәселелеріне құлақ түрді.

Айта кетейік, 2023 жылы Жамбыл облысының барлық деңгейдегі әкімдері халықпен 1 644 кездесу өткізді, оның 62-сі облыс әкімінің қатысуымен ұйымдастырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасуда.

Сондай-ақ, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жергілікті ардагерлер және белсенді жастармен кездесті.

Еркін форматта өткен кездесуде аға буынның өкілдері ұсыныс-пікірлерін, орамды ойларын ортаға салды.

Жамбыл облысының әкімінің баспасөз қызметі

Тегтер: аудан әкімдігіЕрбол ҚарашөкеевескертуЖұмыс сапарыТұрар Рысқұлов ауданы

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты