• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
14.11.2026, 23:49
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізді

turan_admin turan_admin
30.06.2022, 20:19
Қазақстан жаңалықтары
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізді
149
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter
Мемлекет басшысының төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысы өтті.

Жиын Қаржы секторын дамыту тұжырымдамасын талқылаудан басталды. Аталған мәселе бойынша Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары Сэр Сума Чакрабарти, Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова баяндама жасады.

Президент жалпы ұсынылған әдістерді қолдап, блокчейн технологиясы мен орталық банктердің цифрлық валюталарын пайдаланудың және енгізудің перспективаларына назар аударды.

– Аталған бағыт – қаржы жүйесінің болашағына деген «футуристік» көзқарас қана емес, сондай-ақ жүзеге асыруға болатын жоба. Көптеген мемлекет өздерінің цифрлық валюталарын іс жүзінде сынақтан өткізуге кірісіп те кетті. Олардың қызметтері үшін экожүйе әзірленіп, құрылып жатыр. Біз институттарымызды жаңа жағдайларға бейімдеуге дайын болуымыз керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жөніндегі міндеттерге де тоқталды. Келтірілген статистикалық деректерге сәйкес мұндай ұйымдар биылғы бес айдың ішінде 17 мыңнан астам үлескердің құны 27 миллиард теңгеден асатын дүние-мүлкін иеленіп алған.

– Қаржы секторы тұжырымдамасының аясында қаржы пирамидасының белгісі бар ұйымдарды алдын ала анықтауға, жедел әрекет етуге, азаматтардың қаржы алаяқтары туралы хабарлау мәселесін күшейтуге бағытталған шаралар қамтылуы қажет, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың нақты секторын банктердің белсенді несиелеуі жөнінде шаралар қабылдауды келесі маңызды міндет ретінде атап өтті. Сондай-ақ осы саладағы бірқатар проблемаға назар аударып, қаржы реттеушілеріне бұл мәселеге баса мән беруді және оны нақты шешу жолдарын ұсынуды тапсырды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Ұлттық банктің, Үкіметтің әрекет ету тетіктерін банк өтімділігінің ағынын кәсіпорындарды, әсіресе шағын және орта бизнесті қолдауға қарай бағыттау аса маңызды міндет екенін атап өтті.

Отырыс барысында елімізде қауіпсіз атом және сутегі энергетикасын дамыту жөніндегі шараларға баса мән берілді. Бұл бағыттағы жұмыстар туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов пен «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының төрағасы Алмасадам Сәтқалиев  баяндама жасады.

Президент МАГАТЭ деректерін мысалға келтірді. Бұған сәйкес әлемдегі қуат көздерінің 10 пайызы атам энергетикасының үлесінде екені айтылды. Аталған сектор көмір (36,7%), газ (23,5 %) және гидроэнергетика (16 %) салаларынан кейін төртінші орында тұр.

– Атом энергетикасы көміртектің жылдық қалдықтарын шамамен 2 миллиард тоннаға азайта отырып, төмен көміртекті электр қуатының жалпы көлемінің үштен бірінен астамын өндіреді. Бұл 400 миллион автокөліктің қалдығына тең. Ал атом энергетикасының болашағына келетін болсақ, түрлі факторларға байланысты белгісіздік деңгейі өте жоғары. Алайда, қазіргі таңдағы энергия дағдарысы мен энергия ресурстары бағасының құбылмалы жағдайында «бейбіт атомды» пайдалану мәселесі көптеген үкіметтердің күн тәртібіне енгізілгені анық. Геосаяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты Халықаралық энергетика агенттігі Еуропа одағы елдерін барлық атом электр станцияларын жабу мәселесін кейінге шегеруге шақырды, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі таңда әлемнің 32 елінде 440-тан астам ядролық реактор бар екенін және 20-ға жуық мемлекет өз аумағында атом электр станциясын салу мүмкіндігін қарастырып отырғанын атап өтті. Олардың қатарында біздің елімізден бөлек, Чили, Индонезия, Алжир, Филиппин, Эфиопия, Сенегал және басқа да мемлекеттер бар.

Сонымен қатар Президенттің айтуынша, технологияларды жеткізушілердің шорт-парағын айқындау маңызды және онда баға өлшемдерінен бөлек технологиялардың сенімділігіне баса мән берілуге тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев білім алудың және өндірістік құзыретке қол жеткізудің аса маңызды екенін айтты.

– Басқаша айтқанда, біз болашақта білікті физиктерді, атом саласындағы кадрларды, инженерлер мен техникалық мамандарды дайындауымыз керек. Мүлдем жаңа оқу-өндірістік база құру қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Президент Түркияның «Аккую» АЭС-ін салудағы тәжірибесін жан-жақты зерделеуді тапсырды.

Күн тәртібінде соңғы қаралған мәселе – көші-қон саясатын жетілдіру. Бұл тақырып бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова баяндама жасады.

Қасым-Жомарт Тоқаев осы мәселеге түсіндірме жасай келіп,  экономиканың дамуы мен ұлтымыздың зияткерлік әлеуетін арттыратын тиімді еңбек миграциясының маңыздылығына назар аударды.

 

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Қазақстандағы екі ірі компанияның басшылары ұсталды

Қазақстандағы екі ірі компанияның басшылары ұсталды

12.11.2026, 12:21
Адам құқығына назар аудару неден басталады

Адам құқығына назар аудару неден басталады

11.11.2026, 16:33
Қазақстанда жалақы салығын есептеу жеңілдейді

Қазақстанда жалақы салығын есептеу жеңілдейді

09.11.2026, 13:03
ЮНЕСКО тізімдері қазақстандық жаңа рухани құндылықтармен толығуда

ЮНЕСКО тізімдері қазақстандық жаңа рухани құндылықтармен толығуда

08.11.2026, 12:36
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Самал Оңғарбайқызы: «Ауылға құр уәде емес, нақты нәтиже керек»

14.11.2026, 12:33

Жандар Тоқсаба: «Сайлауға түскен округтің алдындағы жауапкершілікті толық сезінеміз»

14.11.2026, 11:30

Индира Тоғанбаева: «Депутат — халық пен биліктің ортасындағы алтын көпір»

14.11.2026, 09:28

Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

13.11.2026, 20:57

Таразда заманауи АІ-кеңсе ашылды

13.11.2026, 19:07

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына «Әділет» партиясы» тізіміне кімдер енді?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.