Бүгін Тараз қаласында «Достық» үйінде «Ардагерлер ұйымына қолдау көрсету орталыгының қызметін ұйымдастыру» әлеуметтік жоба аясында «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Жамбыл облысы филилалы ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп — әділ қоғам» облыстық ардагерлер форумын өткізді
Форумға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Бақытжан Малыбаев, ҚР Парламент Мәжілісі депутаты Мұқаш Ескендіров, Жамбыл облысы мәслихат төрағасы Абдалы Нұралиев, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Жамбыл облысы филилалының төрағасы Еркімбек Солтыбаев, облыс прокурорының орынбасары Нұрбек Ұласбекұлы, Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, дін қызметкерлері, полиция қызметкерлері мен ардагерлер қатысты.
«Заң мен тәртіп» қағидатын жалпыға ортақ міндет екенін түсінетін уақыт жетті. Яғни, әр азамат кез келген заңға қайшы әрекетке төзбеушілік танытқанда ғана қоғам алға жылжиды. Ол үшін қазіргі қолданыстағы құқықтық нормативтік акт толық қамтамасыз етілген. Тек оның орындалуына әрбір тұлға немқұрайлы қарамауы тиіс. Сондықтан Жамбыл облысы ардагерлері құқықтық сауаттылық туралы форум өтті.
Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік ақпараттық тапсырыс негізінде жарияланды







