• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 06:43
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қаратаулық электриктен бас сантехникке дейін: Рақымжан Әлмахановтың адал еңбек жолы

Қоғамымызда күнделікті жұмысы көзден таса қалып жататын, бірақ атқаратын ісінің маңызы зор қарапайым еңбек адамдары баршылық.

Арайлы Жақсылық Арайлы Жақсылық
03.06.2026, 19:31
Абырой
Қаратаулық электриктен бас сантехникке дейін: Рақымжан Әлмахановтың адал еңбек жолы
32
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Ғимараттардың жылу жүйесін реттеу, жарықтың үздіксіз берілуін қадағалау және ауланы ретке келтіру сияқты маңызды міндеттерді осы техникалық қызметкерлер өз иығымен көтеріп келеді. Осындай жауапты істің басы-қасында жүрген жандардың бірі – Рақымжан Әлмаханов. Бүгінде ол Талас аудандық білім бөлімінде оператор-сантехник ретінде қызмет атқарады. Кезінде Қаратау қаласындағы кәсіптік лицейде «Электрик» мамандығын меңгерген ол, бұл сала бойынша Астана, Алматы секілді ірі қалаларда еңбек етіп, тәжірибе жинақтаған. Ол тіпті бас қаламыз Астанадағы зәулім нысандардың бой көтеруіне де өзіндік үлесін қосқанын мақтанышпен еске алады. Дегенмен 2014 жылы отбасылық жағдайына байланысты туған өлкесіне оралып, балалар ауруханасына оператор-сантехник болып жұмысқа тұрады. Кейіннен бұл ғимарат аудандық білім бөлімінің иелігіне өткенде де Рақымжан өзінің байырғы жұмыс орнында қалып, еңбегін жалғастыра береді.

Өз ісінің майталманы осы ғимаратта тапжылмай жұмыс істеп келе жатқанына 12 жыл толыпты. Рақымжан Ибаділдаұлы бұрын екі қабатты мекемені көмірмен жылытқан кездерін, ал қазір газ жүйесіне көшкендіктен жұмыстың едәуір жеңілдеп, ауыр бейнеттен құтылғандарын айтады. Алайда көгілдір отынның жауапкершілігі де оңай емес: жылу ошағының маңындағы термометрлерді үнемі тексеріп, газ қысымын қадағалап, электр қуатының сөніп қалмауын бақылау – басты міндет. Қыс па, жаз ба, жыл бойы мекеменің таза суы мен жылу желісін, есік-терезесі мен электр жүйесін өз бақылауында ұстайтын ол, кез келген ақауды өз қолымен жөндеп шығатын әмбебап маман. Мекеменің шаруашылық меңгерушісі Қайрат Байжігітов те Рақымжанның өз ісіне өте тиянақты екенін, негізгі мамандығы электрик болғандықтан жарық пен жылудан ешқашан мәселе туындамайтынын және оның ұжым арасында сыйлы, өте еңбекқор жан екенін жеткізді.

Рақымжан тек қызметте ғана емес, отбасында да үлгілі отағасы. Жұбайы Ақмарал екеуі қара шаңырақтың түтінін түтетіп, бес бала тәрбиелеп, қарт анасына күтім жасап отыр. Еңбекқорлығының арқасында білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитеті тарапынан талай марапаттарға ие болып, шипажайлар мен туристік саяхаттарға жолдама алса да, ол үнемі жұмыста немесе үйде бақша шаруашылығымен айналысқанды жаны сүйетінін айтады. «Қолым бос отырғанды ұнатпаймын, балаларымды да кішкентайынан еңбекке баулып келемін. Еңбек еткен адамның жүзі қашанда жарық. Табатын табысым аз болса да, барға қанағат етіп, шүкіршілік етемін», – дейді Рақымжан Ибаділдаұлы өз сөзінде.

Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік ақпараттық саясат тапсырысы негізінде жарияланды

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Азаматтық хал актілерін тіркеу

Азаматтық хал актілерін тіркеу

28.08.2026, 17:18
Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

07.08.2026, 18:43
Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

07.08.2026, 10:21

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.