• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Қарашөкеев автобуспен жүріп, тұрғындардың талап-тілегін тыңдады

Қоғамдық көлік – қала тіршілігінің күретамыры! Өткен жылдан бері Таразда қоғамдық көліктердің санын арттыру, жаңарту бойынша ауқымды жұмыстар қолға алынған.

10.07.2025
0
Қарашөкеев автобуспен жүріп, тұрғындардың талап-тілегін тыңдады
36
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Бұл бағыттағы үш жылдық жоспар екі жылда орындалды.

Дегенмен жыл басында Тараз қаласына қосылған он төрт елді мекеннің тұрғындары тарапынан соңғы кездері шағым жиілеген болатын. Осы орайда Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев тасымалдың жай-күйімен танысу үшін қала әкімі Бақытжан Орынбековпен бірге екі бағыттағы қоғамдық көлікке мініп, тұрғындармен тілдесті.

Талас станциясынан бастап (№62 маршрут) қозғалған алғашқы бағытта облыс басшысы қоғамдық көліктің сапасы, қозғалыс жиілігі мен халықтың жолға жұмсайтын уақыты жөнінде жолаушылардың пікірін тыңдады.

Жолаушылар уақыт жиілігі көңілден шықпайтынын, аялдамалар салу, осы бағыттағы автобустардың санын арттыру мәселелерін көтерді.

Келесі кезекте аймақ басшысы Қызыл Жұлдыз (№1 маршрут) елді мекеніне қатынайтын автобусқа мініп, бұл бағыттағы да ахуалды бағамдады. Ондағы көліктер ескі, тар, халыққа ыңғайсыз екені анық байқалды.

«Облыс орталығына жаңадан қосылған алқап тұрғындарынан қоғамдық көлікпен қамтуға қатысты шағым көп. Соны көзбен көру мақсатында бүгін арнайы шықтым. Тұрғындар орынды мәселе көтеріп отыр. Жақында сатып алынатын автобустарды бірінші кезекте осы мәселелерді шешуге, көлік тапшылығы қатты сезілетін аумақтарға беру қажет. Тозығы жеткен аялдамаларды реттеу маңызды», – деген облыс әкімі қала басшылығына нақты тапсырмалар жүктеді.

Айта кетейік, өткен жылы қаладағы автобустар саны 330-дан 437-ге дейін, күнделікті қызмет көрсетуге шығатын автобустар саны 270-тен 360-қа дейін артты.

Жалпы,  2023 жылдан бүгінге дейін  Тараздағы қоғамдық көлік парктері 290 жаңа заманауи автобуспен толыққан.  Ағымдағы жыл соңына дейін тағы 70 автобус жеткізіледі деп жоспарлануда. Ол бойынша тұрғындар сұранысына сәйкес жаңа маршруттар ашылып,  қаланы қоғамдық көлікпен қамту мәселесі толықтай шешілмек.

t.me/zhambylgovkz

Тегтер: АвтобусЕрбол ҚарашөкеевЖамбыл облысықоғамдық көлікТараз

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты