Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасымен абайсызда қазаға ұшырату бойынша (ҚР ҚК 104-бабы 1-бөлігі) қылмыстық қудалау органдарымен айыпталған П.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол бойынша 1-ші сатылы сотпен ақтау үкімі қаулы етіліп, өзгеріссіз қалдырылды.
Сотпен не анықталды:
П. көшені жарықтандыру жұмысымен айналысатын «Х.» ЖК басшысы болып табылады.
30.07.2020 жылы Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылының тұрғыны – кәмелетке толмаған Қ., Жастар көшесінде ойнап жүріп, көше бойында орналасқан бағананың басынан тоқтың жерлеу сымын ұстап алып, электр желісінің тоғы ұруы салдарынан оқиға болған жерде қайтыс болған.
Айыптаудың нұсқасы бойынша жәбірленушінің абайсызда қазаға ұшырауына сотталушының қатысы бар. 1-ші сатылы сотта П.-ның кінәсі өзінің дәлелін таппады.
Тараптардың позициясы
Айыптаушы тарап 1-ші сатылы сотта айыптау үкімін шығаруды, ал апелляциялық сатыда ақтау үкімінің күшін жойып, жаңа айыптау үкімін шығаруды сұрады.
Жәбірленуші баласының өліміне кінәлілерді анықтап, жазаға тартуды сұрады.
П. кінәсін мойындаған жоқ.
Дәлелдемелер бойынша
Басты сот талқылауында қылмыстық құқықбұзушылықты жасаудағы П.-ға тағылып отырған кінә дәлелін таппады. Себебі қылмыстық қудалау органдары бағананың басындағы жерлеу сымындағы тоқтың сотталушы П.-ның кінәсінен болғанын дәлелдей алмады.
Сот шешімі
ҚР Жоғарғы Сотының «Сот үкімі туралы» НҚ-ның 18-тармағына сәйкес, кінәсіздік презумпциясына орай және ҚПК-нің 19-бабына сәйкес айыптау үкімін болжамдарға негіздеуге болмайды және ол анық дәлелдердің жеткілікті жиынтығымен расталуы тиіс.
ҚПК-нің 394-бабының 2-бөлігінің 3-тармағына сай, егер сотталушының қылмыстық құқық бұзушылық жасауға қатысуы дәлелденбесе, ақтау үкімі шығарылады.
Сотпен сотталушының іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмағандықтан және жасауға қатысуы дәлелденбегендіктен кінәсіз деп танылып, ақталған.
Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен Жуалы аудандық сотының үкімі өзгеріссіз қалдырылды.
Қаулы заңды күшіне енді.
Дереккөз: Жамбыл облыстық соты






