• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
12.10.2026, 23:32
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Алатау ауданында жаңадан сегіз мектеп ашылады

Алатау ауданы – қаладағы ең жылдам дамып келе жатқан ауданның бірі. Қазір мұнда құрылыс қарқыны еселеп өскен. Әсіресе салынып жатқан мектептің көптігі бірден көзге түседі. Өңірлік коммуникациялар орталығында Алатау ауданының әкімі Талғат Малыбаев осылай деді.

turan_admin turan_admin
25.06.2025, 14:54
Аудан жаңалықтары, Жаңалықтар
Алатау ауданында жаңадан сегіз мектеп ашылады

Фото: kaztag.kz

21
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қазір аудандағы 31 мемлекеттік, 12 жеке меншік мектепте 61 095 оқушы білім алып жатыр. Олардың 57 814-і мемлекеттік мектепке, 3 281-і жеке меншік мектепке барыпты. Дегенмен, тұрғындардың саны өскендіктен мектепке сұраныс артып, биыл шамамен 6 мың орын жетіңкіремей тұрғанын айтады. Алатау ауданы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының аясында осы мәселені шешіп, енді 13 250 оқушыға арналған сегіз мектеп салмақ.

Самғау, Теректі, Қарасу аудандарында екі мың орындық үш мектеп салынып бітті. Ақбұлақ ықшамауданында 1500 орындық тағы бір мектеп бітуге шақ тұр. Алдағы қыркүйекте Айгерім ықшамауданында екі мың орындық жаңа білім ордасы пайдалануға берілмек. Алғабас пен Ғажайып ықшамауданында да екі мектептің құрылысы басталған, оларды 2026 жылы қолданысқа бермек болып отыр. Бұдан бөлек, Зерделі ықшамауданында да 2026 жылы ашылатын 550 орындық екі мектеп тағы салынып жатыр.

«Білім беретін мекемелерден бөлек, кәсіби және қосымша білім беруге де көңіл бөліп отыр әкімдік. Мәселен, Алғабас ауданында 720 орындық Инновациялық техникалық колледж салына бастады. 7,4 млрд теңге кететін бұл жаңа нысанға 2026 жылдың қаңтар айында кіре бастамақ. Саялы ықшамауданында Инновациялық шығармашылық орталық ірге көтереді. Бұл нысан келер жылы қолданысқа беріліп, балалар мен жасөспірімдерді қосымша оқытатын үлкен орталыққа айналады», — деді Талғат Малыбаев.

Суреттер: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Осылайша, Алатау ауданы балалардың жағдайын жасап, оларға сапалы техникалық білім беруі бағытында өнімді жұмыс істеп жатыр.

Тегтер: Алатау ауданы
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Құтқарушылар экологиялық акция аясында сенбілік ұйымдастырды

Құтқарушылар экологиялық акция аясында сенбілік ұйымдастырды

09.10.2026, 19:43
Астанада Тоқаев пен Оман Сұлтанының келіссөздері басталды

Астанада Тоқаев пен Оман Сұлтанының келіссөздері басталды

07.10.2026, 17:00
Қазақстанда 444,6 мың адам жұмыссыз: Қай өңірлерде көрсеткіш жоғары?

Қазақстанда 444,6 мың адам жұмыссыз: Қай өңірлерде көрсеткіш жоғары?

07.10.2026, 16:57
Жамбыл облысында жанжалдан кейін көз жұмған оқушы ісі бойынша тергеу басталды

Жамбыл облысында жанжалдан кейін көз жұмған оқушы ісі бойынша тергеу басталды

07.10.2026, 16:54
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қарақыстақ» – жасыл энергетиканың алғашқы қарлығашы

12.10.2026, 19:49

Жамбыл өңірінде су электр стансаларын салу ісі қалай жүріп жатыр?

12.10.2026, 18:31

Жуалыдағы күн электр стансалары қалай жұмыс істеп тұр?

12.10.2026, 17:25

Жаңа ереже: Қазақстанда салық берешегін өндіріп алу тәртібі өзгереді

12.10.2026, 16:14

Доллардың күш алуы теңге мен халықтың қалтасына қалай әсер етеді?

12.10.2026, 16:12

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.