• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Алғашқы маусым аяғына жетті: Кімдер жеңді?

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен және Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының қолдауымен “Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы” заңды тұлғалар бірлестігімен “Ой шебері” зияткерлік ойыны өтті

26.09.2025
0
Алғашқы маусым аяғына жетті: Кімдер жеңді?
366
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

“Әулиеата — кітап оқитын өңір” жобасы аясында «Ой шебері» зияткерлік ойыны «Мөлдір бұлақ» облыстық оқу-сауықтыру орталығында өткізілді. «Оқушылар, дарынды мектептер, техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарының лигасына» бүгінгі күнге дейін 15 ойын 400 топ, 2000 жуық кітаптар таратылып, жастар қатысты.  

Аталған жобаның негізгі мақсаты – өңірде интеллектуалды ортаны қалыптастыру, жастардың кітап оқуға деген ынтасын арттыру, білім алушылардың ой-өрісін кеңейту және олардың шығармашылық әлеуетін дамыту.

Зияткерлік сайыс барысында қатысушыларға түрлі тақырыптарды қамтитын сұрақтар қойылып, танымдық тапсырмалар мен логикалық сауалдар ұсынылады. Ойын ережелері әділ әрі ашық өтуіне бағытталған, ал әр қатысушы өз білім деңгейін көрсетіп қана қоймай, жаңа тәжірибе жинақтайды.

Шараның ерекшелігі – жастардың тек қана білімін сынау емес, олардың ойлау жүйесін жетілдіру. Сонымен қатар, ойындар достық пен серіктестік ахуалда өтіп, қатысушылар арасында мәдени және рухани байланыстарды нығайтуға ықпал етті.

«Ой шебері» ойыны биыл ғана басталып,  уақыт өткен сайын мазмұны байып, жаңа әдістемелік бағыттармен толықтырылуда. Бұл бастама Жамбыл облысы жастарының білімге деген құштарлығын арттырып, кітап оқуды дәріптеу ісінде үлкен маңызға ие болмақ.

«Ой шебері» ойыны үш түрлі лига бойынша ұйымдастырылды:

  • Оқушылар лигасы – жалпы орта білім беру ұйымдарының оқушылары үшін;

Жыл бойы жалғасқан сайыста талай білімді жастар сынға түсіп, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атануға лайық екенін көрсетті. Айта кетсек, жыл басынан бері 11 ойын өткізіліп, сол додада дараланған үздіктер ғана бүгінгі финалға жолдама алды. 350-ден астам команданың арасынан суырылып шыққан 11 команда екі миллион теңгеге таласуда. Гранд финалға жиырма кітап беріліп, қатысушыларға сауалдар дайындалды. 

Топтар: 

Меркі ауданы, Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 орта мектебі; 

Тұрар Рысқұлов ауданы, Құлан тірек мектеп гимназиясы  

Мойынқұм ауданы, Шығанақ орта мектебі 

Сарысу ауданы, Мұхтар Әуезов атындағы мектеп гимназиясы 

Жамбыл ауданы, Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі 

Талас ауданы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия

Жуалы ауданы, Әлихан Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицей, 

Байзақ ауданы, Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп — гимназиясы 

Шу ауданы, Абай атындағы орта мектебі

Тараз қаласынан №15 мектеп гимназиясы және №23 орта мектебі 

Байқасаңыздар, екі Мұхтар Әуезов атындағы мектеп, екі №15 мектептер келді.

  • Дарынды мектептер лигасы – облыстағы мамандандырылған мектептер үшін;

Лигаға 20 топ өтінім білдіріп, 11 топ үшінші ойынға жетті. Лиганың жүлде қоры 1,2 млн теңге. Лигаға қатысушылар 16 кітап оқыды.

  • Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының лигасы – колледж студенттері үшін.

Лигаға 25 топ өтінім білдіріп, 13 топ үшінші ойынға келді. Лиганың жүлде қоры 1,2 млн теңге. Қатысушылар барлығы он бес кітап оқылды.

«Дарынды мектептер» лигасының нәтижелері

«Дарынды мектептер” лигасының үшінші ойыны өткізілді. Ойын барысында үш ойын нәтижесінің қосындысынан лига жеңімпаздары анықталды. Ойын нәтижесінде үшінші орын және 300 000 тг сертификатты Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-гимназиясы “Тастүйін” тобы, екінші орынды және 400 000 тг көлеміндегі сертификатты «Дарын» лицей-интернатының «Самұрық» тобы, ал, бірінші орын арнайы “Ой шебері” кубогын және 500 000 тг көлеміндегі сертификатты “Дарынды ер балаларға арналған “Білім-инновация” лицей-интернатының “Руханият” тобы жеңіп алды.

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының директоры Майра Есеналиева жеңімпаздарды марапаттады.

Техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарының лигасына нәтижесі

Ойын нәтижесінде үшінші орын және 300 000 тг сертификатты «Береке» колледжінің тобы (Қордай ауданы), екінші орынды және 400 000 тг көлеміндегі сертификатты Жамбыл медициналық жоғары колледжінің тобы, ал, бірінші орын арнайы “Ой шебері” кубогын және 500 000 тг көлеміндегі сертификатты Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі жеңіп алды.

«ОҚУШЫЛАР ЛИГАСЫ» жеңімпаздары

Қатысушылар жамбылдық жазушылар мен ақындар Бауыржан Момышұлы, Шерхан Мұртаза, Сансызбай Сарғасқаев, Несіпбек Дәутайұлы, Пернебай Дүйсенбин, Күләш Ахметова, Елен Әлімжан, Әлдихан Қалдыбаев, Шырын Мамасерікова, Қуандық Шолақ, Көсемәлі Сәттібайұлы, Қасқырбай Нарбатыр, Оралхан Дәуіт шығармаларын оқыды. 

Гранд финалға “Оқушылар лигасынан” 350 топтан 11 топ бағалы сыйлықтарға талас жүргізбек. Әрбір финалистке естелік сыйлықтар тапсырылды. 

Гранд финалда оқылуға берілген кітаптар:і

І. Есенберлин «Алмас қылыш» тарихи эпопеясы

І. Есенберлин «Жанталас» тарихи эпопеясы

І. Есенберлин «Қаһар» тарихи эпопеясы

М.Мақатаев «Аманат» жыр жинағы

Б. Соқпақпаев «Өлгендер қайтіп келмейді» романы

А. Елгезек «Болмаған балалық шақ» автобиографиялық эссе — романы

Д.Исабеков «Қарғын» романы

Д.Қыдырәлі «Мұстафа» деректі өмірбаяндық романы

М.Мағауин «Шақан шері» романы

Т.Жұртбай «Ол боламын демеңдер» кітабы

С.Мұқанов  «Аққан жұлдыз» романы

М.Дулатұлы «Оян қазақ» кітабы

Ә. Тарази «Шер» романы

Ш.Мұртаза «Мылтықсыз майдан» романы

Е. Әлімжан «Анажар» романы 

П.Дүйсенбин «Ән салыңызшы, Әке» повесі 

К. Сәттібайұлы «Шамаң келсе шындықты айт…»  публицистикалық жинағы

Н.Дәутайұлы «Батыр» шығармасы

Т.Әбдік “Парасат майданы” кітабы

М.Әуезов “Абай жолы” 1 кітап

Гранд финал жаңашылдығы ойынға жасанды интеллект қолданылып, сауалдар жасақталып, экраннан қойылды. Ойынға «Жамбыл даму» қоры, «Жамбыл Тараз» газеті, «Әулиеата ТрансПасс» демеушілік етті.

Ойын қорытындысы бойынша

9 орын. №15 мектеп гимназиясы (Тараз қаласы)

8 орын. Абай атындағы орта мектебі (Шу ауданы)

7 орынШығанақ орта мектебі (Мойынқұм ауданы)

7 орын. Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі (Жамбыл ауданы)

7 орын. Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 орта мектебі (Меркі ауданы)

6 орын. №23 орта мектебі (Тараз қаласы)

5 орын. Мұхтар Әуезов атындағы мектеп гимназиясы (Сарысу ауданы)

4 орын. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия (Талас ауданы)

Жүлдегерлерді марапаттауға Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, облыстық білім басқармасының орынбасары Ләззат Қызылқұлова қатысты.

Гранд финалда негізгі сайысында үш топ бірдей ұпай жинап, үш орынға үш топ жетекшісі блиц сауалдарына жауап берді

3 орын, қола медаль, LENOVO ноутбугы (бес данада) Әлихан Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицей (Жуалы ауданы)

2 орын, күміс медаль, Ipad планшеті (бес данада) Құлан тірек мектеп гимназиясы (Тұрар Рысқұлов ауданы)

1 орын, алтын медаль, кубок, MacBook ноутбугі (бес данада)  Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясы (Байзақ ауданы) иеленді.

Ұйымдастырушыларға ең көп қойылған сауал «Ойынның келесі маусымға жалғаса ма?». Жауабы облыс әкімі мен білім басқармасының қолдауымен жалғасатынын жеткізді.

TURANINFO.KZ

Тегтер: Әулиеата кітап оқитын өңірой шебері

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты