• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:24
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Акушер-гинеколог ештеңеден қорықпайды

turan_admin turan_admin
10.06.2021, 12:59
Денсаулық
Акушер-гинеколог ештеңеден қорықпайды
157
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Ана мен бала денсаулығының арттырылуына үлес қосып, жүктілікті жоспарлау мен әйелдің босанғанға дейінгі ахуалын, күтімін асқан жауапкершілікпен қадағалап жүрген ақ халатты абзал жан – Қымбат Оразғалиқызы Әбдіраимова. Бүгінде ол жоғары санатты акушер-гинеколог, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі, Тараз қалалық көпбейінді ауруханасында перзентхана бөлімінің меңгерушісі қызметін атқаруда. Медициналық училищеден медбике мамандығын алып, дайындықтың барлық сатыларынан өткен ол 1988 жылы Ақтау қаласының Шевченко атындағы медициналық училищесін қызыл дипломмен бітіріп, содан соң Қарағанды ​​медициналық институтына оқуға түседі. 1995 жылы  өзінің кәсіби қызметін Тараз қаласындағы облыстық перинаталдық орталықтың қабырғасында акушер-гинеколог ретінде бастайды.  2018 жылдан бастап, бүгінде Тараз қалалық көпбейінді ауруханасында перзентхана бөлімінің меңгерушісі қызметін атқаруда. 2020 жылдың сәуірінен бастап осы уақытқа дейін Қымбат Оразғалиқызы коронавирустық инфекциямен күрестің алдыңғы қатарында еңбек етуде.

Сондай-ақ, 2009 жылдан бастап бүгінде Қымбат Әбдіраимова сыртқы кешенді бағалау бойынша сараптама комитетінің тұрақты мүшесі болып табылады. Медициналық белсенді жұмысына қарамастан, Қымбат Оразғалиқызы жоғары санатты дәрігер ретінде біліктілігін жоғарылатып, әр түрлі бағыттарда оқуын жалғастыруда. Оның саладағы еңбек өтілі — 26 жыл. Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін Құрмет белгісімен, Халықтың сапалы медициналық қызмет алу құқығын қамтамасыз ету болып табылатын Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу жүйесін қалыптастыруда жағымды үлес қосқаны үшін алғыс хатымен, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталған. Қымбат Оразғалиқызы үшін ең құнды марапат – ол өңіріміздің емделушілері мен олардың жаңа туған сәбилерінің алғысы.

— Менің түсінігімше акушер-гинеколог ештеңеден қорықпау қажет. Әрқашан әйел адамдарға көмектесуге дайын тұру керек. Шаршағанына да, ешбір қиындыққа қарамастан өзін аямай, науқасқа көмек көрсететін дәрігер идеал болады деп ойлаймын. Мінсіз дәрігер деген – ол өзін де, отбасын да екінші кезекке қойып, бірінші науқастың амандығын ойлайтын адам. Менің жұмысым күнделікті дүниеге жаңа туған нәрестелердің келуімен байланысты. Жаңа өмірдің басталғанының куәгері болу сезімін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бұл адреналин. Сенің көз алдыңда бала туылады. Әрине, бұл өте қуанышты сәт. Ана да, баласы да аман-есен болса екен деп уайымдайсың. Қолдан келгеніңді аямайсың. Өмірге жаңа адамның келуі – бұл ең ғажап құбылыс! — дейді акушер-гинеколог Қымбат Әбдіраимова.

Дереккөз Жамбыл облысының Деңсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Анасы биіктен тастап жіберген балалардың жағдайы қалай?

Бақытжан Базарбек өзі қағып кеткен адамға қатысты жаңа мәлімет берді

29.08.2026, 19:26
Қарашөкеев 78 мемлекеттік білім беру грантын бөлді

Қарашөкеев 78 мемлекеттік білім беру грантын бөлді

13.08.2026, 08:51
Жамбыл облысында лицензиясыз жұмыс істеген 59 медициналық объект анықталды

Жамбыл облысында лицензиясыз жұмыс істеген 59 медициналық объект анықталды

05.02.2026, 11:37
«Гипспен, отадан кейін де таяқ жедім»: дәрігер отбасындағы зорлық-зомбылық туралы ашық айтты

«Гипспен, отадан кейін де таяқ жедім»: дәрігер отбасындағы зорлық-зомбылық туралы ашық айтты

26.01.2026, 10:27

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.