• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Аймақтың киелі жерлері топтастырылуда

05.12.2017
0
Аймақтың киелі жерлері топтастырылуда
354
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Аймақтың киелі жерлері топтастырылуда
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Әулиеатаның киелі жерлерінің» картасын жасау жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар айтылып, оған «Қасиетті Қазақстан» ғылыми зерттеу орталығының басшысы Берік Əбдіғалиұлы, белгілі саясаттанушы, журналист, қоғам қайраткері Əміржан Қосанов, мемлекет жəне қоғам қайраткері, саясаттанушы Айдос Сарым қатысты.
Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы негізінде Мәдениет және спорт министрлігімен «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын жүзеге асыру мақсатында «Қазақстанның киелі жерлерінің картасын» жасау жобасын бекіткен болатын. Бүгінде елімізде осы мақсатта киелі жерлерінің тізімі жинақталуда. Ал біздің өңірде облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының жетекшілігімен жұмысшы топ құрылып, комиссия шешімімен аталған жобаға тізіміне енгізу үшін ескерткіштердің ерекшелігі мен құндылығына қарай 33 тарихи-мәдени нысан ҚР Ұлттық музейі жанындағы «Қасиетті Қазақстан» орталығына жолданыпты. Сөйтіп, ҚР Ұлттық музейі жанындағы «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы аймақтан ұсынылған 8 тарихи-мәдени ескерткішті іріктеп алып, «Қазақстанның 100 киелі нысаны» тізіміне енгізген. Атап айтқанда, сәулет ескерткіштерінің ерекше туындылары болып табылатын Тектұрмас, Қарахан кесенелері, Айша бибі, Бабажы Хатын мазарлары, Байзақ Мәмбетұлының кесенесі, сондай-ақ археологиялық ескерткіштерден Ақыртас сарай-кешені, Ежелгі Тараз қалашығы мен Меркі-Жайсан ғұрыптық кешендері.
Журналистермен болған басқосуда Берік Əбдіғалиұлы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының мақсаты – «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында облыс аумағындағы қасиетті орындар ұғымын халықтың жадына сіңіру мен тарихи-мұра нысандарының деректер қорын әзірлеу екенін жеткізді. Жинақталған материалдарды заманауи ақпараттық технологиялар, БАҚ өкілдері арқылы жұртшылыққа кеңінен насихатталатынын тілге тиек етті.
– Бүгінгі таңда еліміз бойынша «Қасиетті Қазақстан» экспедициясы жүріп жатыр. Ондағы мақсат – тарихи-мәдени жерлерді өз көзімізбен көріп, сондағы зиялы қауым өкілдерімен ақылдаса отырып, тізімді жасақтау. Ал тізімді жасақтаудағы негізгі талап – рухани құндылық. Сондай-ақ ол тізімге кіретін жерлер сол өңір үшін елеулі орын алатын нысандар болуы қажет. Тек қана туристік бағытпен тоқталып қалмай, өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие бере алуы керек. Мәселен, біз осы өңірдегі ғұрыптық кезеңдерге жататын Меркі-Жайсан кешенін, Ежелгі Түргеш қағанатына жататын қалаларды білмей келеміз. Енді осы жоба арқылы осылар кеңінен насихатталатын болады, – дейді Б.Әбдіғалиұлы. Сондай-ақ қоғам қайраткері Əміржан Қосанов «Киелі Қазақстан» жобасының идеясының астарында тарих жатқанын айтады. Аталған жоба өткенімізді ғана емес, болашағымызды да айқындайтынын тілге тиек еткен ол әлем елдерімен бәсекелестікті арттыратын жоба екендігін алға тартты. Ал сөз кезегін алған саясаттанушы Айдос Сарым киелі жерлер – ұлттық құныдықтарымыз екенін айтып, оларды қайта жаңғырту қажет дейді.
– Әулиеата өңірін әлем тарихымен байланыстыратын оқиғалар жетерлік. Сондықтан Әулиеата тарихи қала. Мәселен мұндағы орта ғасырлардағы қалалар қандай керемет?! Сондықтан біздің әлемдік үрдістен қалуға құқымыз жоқ. Себебі сол қалалардағы мәдениет әлеммен теңестіріп тұр. Яғни бұрыннан бізде мәдениеттің болғандығын айқындайды. Сондықтан «Киелі Қазақстан» жобасы арқылы сондай жерлерімізді насихаттай беруіміз қажет. Мәселен Түркістан қаласына өткен жылы 1 млн. астам турист келген екен. Тараз қаласы да сондай болуы керек, – дейді А.Сарым.

Шынболат Сейдуалиев

Танымал жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

09.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты