• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 01:49
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Адалдықты ту еткен ұйым: «Адал қоғам» бірлестігі сыбайлас жемқорлықпен күрес жолында

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – кез келген өркениетті қоғамның дамуы мен әділ басқару жүйесінің негізі.

turan_admin turan_admin
03.07.2025, 18:34
Азаматтық қоғам институттары
Адалдықты ту еткен ұйым: «Адал қоғам» бірлестігі сыбайлас жемқорлықпен күрес жолында
80
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Осы бағытта нақты істермен көзге түсіп, қоғамда ашықтық пен жауапкершілік мәдениетін насихаттап жүрген ұйымдардың бірі – «Адал Қоғам» қоғамдық бірлестігі. Ұйым басшысы – Еркебұлан Ержанұлы.

Бірлестік қызметінің басты мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, ашықтық пен әділеттілік қағидаттарын кеңінен тарату арқылы азаматтардың мемлекеттік құрылымдарға деген сенімін арттыру. Бұл бағытта «Адал Қоғам» тек насихатпен шектелмей, нақты жобалар арқылы жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

2020 жылдан бері ұйым 19 жоба жүзеге асырды, олардың барлығы дерлік сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамдық бақылауды күшейту және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру секілді өзекті мәселелерге бағытталған. Жобалар барысында білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік қызмет көрсету салаларындағы ашықтықты қамтамасыз ету тетіктері пысықталып, тұрғындармен тікелей кездесу форматында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

2020–2023 жылдар аралығында бірлестік «Жамбыл – Адалдық алаңы» жобасына белсене қатысып, мемлекеттік мекемелер мен жергілікті атқарушы органдарда тұрмыстық жемқорлықты жою, адалдық стандарттарын енгізу бағытында нақты ұсыныстар мен талдаулар ұсынды. Бұл жоба Жамбыл өңіріндегі қоғамдық бақылау тетіктерінің дамуына серпін беріп, жергілікті тұрғындардың белсенділігін арттырды.

2022–2023 жылдары жүзеге асырылған «Межведомственная группа общественной безопасности» жобасы аясында бірлестік құқық қорғау органдары, мемлекеттік мекемелер және ҮЕҰ өкілдерімен бірлесе отырып, қоғамдық қауіпсіздік пен парасаттылық қағидаттарын насихаттауға бағытталған шаралар ұйымдастырды. Бұл бағытта жасалған жұмыстардың нәтижесінде қоғамдағы құқықтық мәдениеттің деңгейі мен азаматтардың ақпараттануы едәуір артты.

2023 жылдан бастап «Адал Қоғам» бірлестігі «Типовое базовое направление 4» бағыты аясында үкіметтік жобаларды іске асыруға қатысып келеді. Бұл бағыт қоғамда әлеуметтік әділеттілікке негізделген, заманауи және тиімді мемлекеттік басқару жүйесін құруға арналған бастамаларды қамтиды. Ұйым түрлі тренингтер, талқылау алаңдары мен түсіндіру кездесулері арқылы қоғамдық сананы жаңғыртуға үлес қосып отыр.

«Адал Қоғам» – атына заты сай ұйым. Оның басты ұстанымы – тазалық, әділет және сенім. Бірлестік алдағы уақытта да жемқорлыққа қарсы күрес саласында жаңа жобаларды іске асырып, адалдықты өмір салтына айналдырған қоғам құру жолындағы қызметін жалғастыра бермек.

Тегтер: Азаматтық секторҮкіметтік емес ұйым
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда ҚХА медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

Таразда ҚХА медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

31.08.2026, 16:36
Таразда «Үміт шуағы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Таразда «Үміт шуағы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

31.08.2026, 16:30
«Әділет» партиясы Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

«Әділет» партиясы Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

25.08.2026, 17:25
«Халық үні» тобы: Өрескел заң бұзушылықтар тіркелмеді

«Халық үні» тобы: Өрескел заң бұзушылықтар тіркелмеді

24.08.2026, 14:19

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.