• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
13.10.2026, 14:30
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Абдолла Ишан мешіті туралы

turan_admin turan_admin
22.03.2021, 12:04
Заң, Облыс жаңалықтары
Абдолла Ишан мешіті туралы

????????????????????????????????????

954
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Абдолла Ишан мешіті Талас ауданы, Үшарал ауылының орталығында орналасқан. 

Мешіттің құрылыстық жобасы төртбұрышты, күйдірілген кесектен өрілген, төбесі көп күмбезді. Орталық зал үлкен күмбезбен, қалған бөлмелер мен жанындағы үш айван кішілеу келген 15 күмбезбен жабылған. Айваның сыртқы қапталдары аркалы күмбездер түрінде асқан шеберлікпен өрілген. Негізгі орталық бөлменің оңтүстік-батыс қабырғасында михраб қуысы мен эпиграфиялық мәнерде жазылған жазудың іздері болған. 

Деректерге қарағанда, Абдулла-Ишан Саиди (1836–1914) жергілікті өңірде діндар Саитбаттала-хазрат отбасында дүниеге келген. Ол 9 жасқа келгенде ата-анасынан айрылып, жетім қалады. Нағашы атасының тәрбиесінде болып, медреседе тәлім алған. 1853 ж. генерал Перовскінің әскерінде борышын өтеп, Сырдария жорығына қатысады. Әскери борышын өтеп келгеннен кейін Абдулла білімін жетілдіру мақсатында Бұхара, Хорезм, Стамбулда болады. Бұхарда өмір сүрген кезеңінде шәкірттерді оқытатын медресе ашып, жібек өңдеумен айналысады. Абдулла Саиди шығыс елдерінің тұрмыс тіршілігі мен мәдениетін, мұсылмандық ілімінің жетік меңгерушісі болған. Араб, парсы тілдерінде өлең жазып, ұстаз және сөзге шешен ділмар ретінде көпшілікке атағы танылған. Қазақ арасында кең тараған сопылық бағытты ұстанып, осы ілімді жалғастырушысы болған. Абдулла Ишанның артынан еріп, оларды қолдаған ізбасарлары көп болған.

ХIХғ. аяғы мен ХХ ғ. басында  жергілікті жерлерде арнайы медреседе білім алған адамдарға арналған мешіттер соғылған. Оларды құрметтеген ауыл-аудан тұрғындары мешіттің ашылу салтанатына  арнайы шақырып отыратын болған.

Абдулла Ишан шет елде отыз жылдай болып, екі рет қажылыққа барған. 1870 ж. өзінің ауылы Муллакка келіп жерлестерінің өтінішімен медресе ашып, өз өмірін тақуалыққа арнайды. Ел арасында Абдулла Ишан мешіті соның құрметіне салынған делінеді. Бүгінде мешіт ауыл тұрғындарының мінәжат ететін орыны ретінде қызмет жасауда.

Пайдаланған әдебиеттер 

Жамбыл облысының Тарих және Мәдениет ескерткіштерінің жинағы.   Талас ауданы. Алматы 2010, 197 б.

Талас – Сарысу. Тарихи-танымдық, әдеби-анықтамалық жинақ. – Алматы, 2013, 204б.

 

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Қарақыстақ» – жасыл энергетиканың алғашқы қарлығашы

«Қарақыстақ» – жасыл энергетиканың алғашқы қарлығашы

12.10.2026, 19:49
Жамбыл өңірінде су электр стансаларын салу ісі қалай жүріп жатыр?

Жамбыл өңірінде су электр стансаларын салу ісі қалай жүріп жатыр?

12.10.2026, 18:31
Жуалыдағы күн электр стансалары қалай жұмыс істеп тұр?

Жуалыдағы күн электр стансалары қалай жұмыс істеп тұр?

12.10.2026, 17:25
Тараздың тазалығы мен жасыл келбеті – ортақ жауапкершілік

Тараздың тазалығы мен жасыл келбеті – ортақ жауапкершілік

12.10.2026, 15:44
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мектептегі орамал мәселесі. Instagram мен TikTok-қа кіру шектелді

13.10.2026, 13:51

Бішкекте Қазақстан банктерінің Kaspi аккаунттарын сату схемасы анықталды: 13 адам ұсталды

13.10.2026, 09:40

«Қарақыстақ» – жасыл энергетиканың алғашқы қарлығашы

12.10.2026, 19:49

Жамбыл өңірінде су электр стансаларын салу ісі қалай жүріп жатыр?

12.10.2026, 18:31

Жуалыдағы күн электр стансалары қалай жұмыс істеп тұр?

12.10.2026, 17:25

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.