• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Жамбыл облысында “Men qazaqpyn” мега-жобасының іріктеу кезеңі басталды

14.05.2018
0
Жамбыл облысында “Men qazaqpyn” мега-жобасының іріктеу кезеңі басталды
208
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте «QAZAQSTAN» РТРК» АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры Әбдіманап Жасұлан Лесбекұлы, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысының орынбасары Сембина Зубайра Жарқынқызы, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі Дутбаева Эльмира Ермекбайқызы айтты.
2017 жылы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын көпшілікке насихаттау мақсатында Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен облыстық, аудандық әкімшіліктердің қолдауымен «QAZAQSTAN» Ұлттық арнасы «MEN QAZAQPYN» халықаралық мегажобасын өткізді.
Елімізбен бірге Моңғолия, Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасын қамтыған жобаны көрермен ерекше ықыласпен қабылдады. «MEN QAZAQPYN-ға» 3 мыңнан астам адам қатысуға өтініш білдіріп, 57 өнерпаз телевизиялық байқауға жолдама алды.
Биыл да аудитория сұранысы ескеріліп, халықаралық жобаның екінші маусымын өткізу жоспарланып отыр.
Жобаның мақсаты: Атадан балаға мұра болып келе жатқан төл өнеріміз ән-терме, күй өнерін дамытып, насихаттау.
Түсірілім уақыты:
— 10-19 мамыр аралығы – қатысушыларды аудандарда іріктеу (жоспар);
— 14 маусым аралығында облыс орталықтарында іріктеу туры (жоспар);
— 13-19 тамыз аралығында 8 бағдарлама 1/8 финалдық бәсеке (жоспар);
— 8-10 қазан аралығында 4 бағдарлама ¼ финалдық бәсеке (жоспар);
— 26-29 қараша аралығы жартылай финал 2 бағдарлама, ақтық мәре (финал) 1 бағдаралама (жоспар);
-07 желтоқсан байқау финалистері және елімізге танымал өнер жұлдыздарының қатысуымен Гала концерт.
Белгіленген күні әуелі аудандық деңгейде іріктеу өткізіліп, аудандық тур жеңімпаздары кестеге сәйкес облыс орталықтарында сайысқа түседі. Әр қатысушыға шамамен (әнші, термеші мен күйшіге 3-5 минут) уақыт беріледі. Басты талап байқауға қатысушылар бір-бірінің шығармасын қайталамау және сирек орындалып жүрген шығармалар орындау. Әр қатысушы халық композиторының бір шығармасын таңдап, айтуына болады.
Іріктеуге 18-40 жас аралығында дәстүрлі өнерге бейімі бар барлық үміткер қатыса алады. Музыкалық білімі талап етілмейді. Облыстық іріктеуде жеңімпаз атанған 1 әнші, 1 күйші, 1 термеші республикалық сайысқа жолдама алады.

Танымал жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

09.07.2026
0

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

10.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты