• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары Азаматтық қоғам институттары

«Айналайынмен» балаларымыздың болашағы жарқын

31.10.2017
0
«Айналайынмен» балаларымыздың болашағы жарқын
361
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

«Айналайынмен» балаларымыздың болашағы жарқын

Айгүл Разақованың есімі қазіргі таңда жамбылдықтармен қатар республикамызға етене таныс. Ол жүрегіне мол мейірім мен балаларға деген зор жанашырлық ұялаған жан. Қазіргі таңда Айгүл ханым басқарып отырған «Айналайын» орталығы 2004 жылы өз жұмысын бастады. Бір қызығы «Айналайынның» жұмысы көбіміз білетіндей үлкен кабинеттерде емес, Айгүл ханымның өз үйінің ауласында басталған. Балаларды қоғам өміріне бейімдеу бағытында жұмыс жасайтын бірлестік басшысының бұл істі бастауына түрткі болған – өзінің қызы Мөлдір болатын. Өз перзентінің тәрбиесіне мықтап кіріскен ана оған арнап түрлі бұйымдар, құрақ көрпешелер, түрлі моншақтардан алқа тіге бастайды. Осыдан бұл талабын үлкен де нәтижелі жұмысқа айналдырады. Орталықтың жанынан «ағылшын тілі», «хореография», «еріктілер клубы», «театр», «қоршаған ортаны қорғау», «фотоклуб», «кестелеу», «балалар кітапханасы», «дизайн» үйірмелері жұмыс істесе, жаздыгүні балаларға арналған жазғы лагерь облысымызбен қатар республиканың түкпір-түкіпірінен бала қабылдайды. Ең қызығы, Айгүл Разақова мұнда келіп қоғамға бейімделгісі келетін балалардың санын мүлде шектемейді. Олардың барлығына қажетті жағдайларды жасап, ұлттық нақыштағы киіз үйлерде түрлі сабақтар береді. Айгүл ханымның бұл орталықты ашудағы басты мақсаты – балаларды сау немесе мүгедек деп бөліп жармай, барлығын тең көріп, оларды қоғам өміріне бейімдеу. Осы жолда табанды жұмыс жасап, орталық осы жылдар ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырмалар аясында көптеген жобаларды қолға алып, ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жетті. Орталықтың тәрбиеленушілері қазіргі таңда үлкен белестерді бағындырып, тіпті республикалық байқауларда да жеңіс тұғырынан көрініп жүр. Ашылған күннен бастап балалардың тұлға болып қалыптасуын көздеген Айгүл ханымның орталығы халық арасында үлкен қолдауға ие болып, аудан әкімі үйірмелерге арнайы ғимараттар берді. Осылайша орталық үлкен қоғамдық бірлестікке айналды.
Айгүл Разақова «Айналайын» бірлестігінің жанынан 2014 жылы жеке кәсіпкер болып тіркеліп, түрлі ойыншықтар мен ұлттық бұйымдар, өрнекті пазлдар тігетін бөлек цех ашты. Әлеуметтік бизнес жоба ретінде ашылған бұл цехтің бұйымдарынн көбінесе шет елден келген туристер көптеп сатып алып жатады. «Айналайынның» сапалы бұйымдары екі рет облыстық «Алтын сапа» байқауын жеңіп алған. Мұнымен қоса «Қазақстанның үздік тауарлары» каталогына еніп, тауарларға сұраныс арта түскен. Бұл жайдан ұлттық нақыштағы өнімге қашанда сұраныстың көп болатынын аңғардық. Айта кетерлік жәйт, аталған цех қазіргі таңда мүгедек және жұмыссыз әйелдерді жұмыспен қамтып отыр. Астана, Алматы қалаларында осы бұйымдарды сататын бутиктер ашылып, түскен қаражат орталықтың, әсіресе жазғы лагерьдің жұмысын жандандыруға жұмсалып жатыр.
Келешекте ауыл жастары үшін арнайы ресурстық орталық ашып, олардың білім алуын қамтамасыз ету Айгүл ханымның үлкен мақсаттарының бірі. «Білім алған жастар болашақта осы орталықтың дамуына үлес қосып, тігін тігіп, қол еңбегіне машықтанады, әлеуметтік бизнес жобаларын жандандарыуды үйреніп, жергілікті жерлерде ұлттық бұйымдарымызды кеңінен насихаттап отандық, тіпті, әлемдік нарыққа шығу жоспарда тұр» — дейді орталық басшысы Айгүл Разақова.
Әу бастан балаларды, оның ішінде кемтар жасөспірімдерді қоғам өміріне бейімдеп, барлығын тең көріп, оларды тұлға ретінде қалыптастыру мақсатында ашылған орталық бүгінде республикамызға, облысымызға белгілі қоғамдық бірлестікке айналып отыр. Айгүл ханымның аналық жүрегі көптеген балаларға сая болып, қаншама жас сауапты іске жұмылдыруда. «Айналайынның» жұмысына тек табыстар тілеп, еңбектері ел алдында, қоғам алдында еленсін деп тілейміз. Біздің бүгінгі қоғамға «Айналайындай» бірлестіктер керек-ақ…

TURANINFO.KZ

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
Аида Балаева

Балаева #Анағақұрмет пост жазу эстафетасын бастады

10.05.2025
Таразда Бауыржан Момышұлының мұражайы ашылды

Таразда Бауыржан Момышұлының мұражайы ашылды

10.05.2025
Тоқаев ақын Темірхан Медетбектің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Тоқаев ақын Темірхан Медетбектің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

10.05.2025
Түнде Алматыда дрондардың жарық шоуы өтті

Түнде Алматыда дрондардың жарық шоуы өтті

10.05.2025
Grand Slam. Қазақстан алтынсыз қалды

Grand Slam. Қазақстан алтынсыз қалды

09.05.2025
Путин Тоқаевқа әкесіне арналған Кеңес Одағының батыры атағын беретін марапат қағазын тапсырды

Путин Тоқаевқа әкесіне арналған Кеңес Одағының батыры атағын беретін марапат қағазын тапсырды

09.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты