Қордай аудандық мәслихатының №10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша «Әділет» партиясынан депутаттыққа кандидат Бейқұт Тілебалдыұлы Жамангозов сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Кандидаттың басты ұстанымы — әр тұрғынның үнін естіп, әр ауылдың жағдайын ескеру, халықпен ашық диалог орнату және берілген уәдені нақты іспен дәлелдеу.
Бейқұт Жамангозов 1990 жылы Қордай ауданы Шарбақты ауылында дүниеге келген. Білімі — дене шынықтыру және еңбек пәндерінің мұғалімі, мамандығы бойынша құқықтанушы, қаржыгер және саясаттанушы. Еңбек жолында білім беру, аудан әкімдігі, ішкі саясат және партиялық жұмыс салаларында қызмет атқарған. Қазіргі уақытта «Аманат» партиясы Қордай аудандық филиалының төрағасы.
Сайлауалды бағдарламада он негізгі бағыт қамтылған. Атап айтқанда, жолдарды жөндеу мен көшелерді абаттандыру, ауыз су және коммуналдық инфрақұрылым мәселелерін шешу, ауыл кәсіпкерлігін қолдау, «Ауыл аманаты» жобасы аясында жеңілдетілген несиеге қолжетімділікті арттыру көзделген.
Сонымен қатар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қолдау көрсету, ветеринариялық қызмет сапасын жақсарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, жастарды кәсіптік оқыту және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу маңызды басымдық ретінде белгіленген.
Бағдарламада білім беру мен медицина саласын дамытуға да ерекше назар аударылған. Мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру, емхана жұмысына жағдай жасау жоспарланған.
Кандидат әлеуметтік қолдауды, инклюзивті ортаны қалыптастыруды, елді мекендердегі интернет және ұялы байланыс сапасын жақсартуды, сондай-ақ «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ауылдарды абаттандыруды қолдайтынын жеткізді.
«Сіздердің пікірлеріңіз — менің бағдарлама негізім. Сенімдеріңізді адал еңбекпен ақтаймын. Әр шешім — туған жердің игілігі үшін», — делінген кандидаттың үндеуінде.
Дайындаған: «ID Corp» ЖШС.
Тапсырыс беруші: Б. Жамангозов.
№10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттың сайлауалды үгіт материалы жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленді.







