• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
11.11.2026, 18:28
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Тараз көшелері күн сайын тазартылуда

Тараз қаласында санитарлық тазалықты сақтау және қоғамдық кеңістіктердің көркін арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Ғалия Абылай Ғалия Абылай
02.11.2026, 15:31
Қала жаңалықтары
Тараз көшелері күн сайын тазартылуда
7
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Шаһардың коммуналдық қызмет мамандары күн сайын таңсәріден іске кірісіп, көшелер мен жаяу жүргіншілер жолдарын, саябақтар мен гүлзарларды тазалап, қаланың көркеюіне үлес қосып келеді, деп хабарлайды Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Қала тазалығы мен тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру  абаттандыру жұмыстарының негізгі бағыттарының бірі. Осы мақсатта коммуналдық сала қызметкерлері арнайы техникалардың көмегімен көшелерді қоқыстан тазартып, жол жиектері мен тротуарларды ретке келтіруде. Жұмысшылар қоғамдық орындардың санитарлық жағдайына да ерекше назар аударып, күнделікті тазалық жұмыстарын үздіксіз атқаруда.

Атап айтқанда, аялдамалар, скверлер, саябақтар мен тұрғындардың тынығуына арналған демалыс аймақтары тазартылып, ретке келтірілуде. Сонымен қатар қала аумағындағы қоқыс жәшіктері уақытылы тазартылып, тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару жұмыстары тұрақты бақылауда.

Бұл жұмыстардың артында таңмен таласа тұрып, шаһар тазалығы үшін еңбек ететін коммуналдық қызмет мамандарының маңдай тері жатыр. Олар ауа райының қолайсыздығына қарамастан, өздеріне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен орындап келеді. Күнделікті көзге көріне бермейтін осы еңбектің нәтижесінде қала көшелері мен қоғамдық орындар таза әрі жинақы қалпын сақтауда.

Дегенмен қаланың тазалығы тек коммуналдық қызмет өкілдерінің жұмысына ғана байланысты емес. Тазалық әрбір тұрғынның азаматтық жауапкершілігі мен ортақ мәдениетінің көрсеткіші. Қоғамдық орындарда тазалық сақтау, тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген жерлерге тастамау, айналаға ұқыптылықпен қарау – қала тұрғындарының күнделікті дағдысына айналуы тиіс.

Әсіресе өскелең ұрпаққа қоршаған ортаны қорғаудың маңызын түсіндіріп, тазалық мәдениетін қалыптастырудың мәні зор. Өйткені туған қаласына жанашырлықпен қарау оның көшесін, ауласын, қоғамдық кеңістіктерін таза ұстаудан басталады.

Тараздың ажары мен тазалығын сақтау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Ал шаһардың шырайын арттыру – коммуналдық қызмет мамандары мен қала тұрғындарының бірлескен еңбегінің нәтижесі. Себебі таза қала – жайлы өмірдің, жоғары мәдениет пен ортақ жауапкершіліктің айқын көрінісі.

 

Мақала Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік ақпараттық саясат тапсырысы негізінде жарияланды

Тегтер: абаттандыруқала тазалығыТараз
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

31.10.2026, 17:54
Таразда қала тазалығына бағытталған ауқымды сенбілік ұйымдастырылды

Таразда қала тазалығына бағытталған ауқымды сенбілік ұйымдастырылды

31.10.2026, 17:04
Жібек жолы ауданында абаттандыру жұмыстары жандануда

Жібек жолы ауданында абаттандыру жұмыстары жандануда

29.10.2026, 19:34
«Даму» қоры Жамбыл облысындағы кәсіпорындардың жұмысымен таныстырды

«Даму» қоры Жамбыл облысындағы кәсіпорындардың жұмысымен таныстырды

29.10.2026, 15:25
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Адам құқығына назар аудару неден басталады

11.11.2026, 16:33

Жамбыл ауданында экологиялық заңнаманы бұзғандарға бақылау күшейді

11.11.2026, 15:22

«Таза Қазақстан»: Жамбыл ауданында ауқымды абаттандыру мен тазалық жұмыстары атқарылуда

11.11.2026, 14:15

Жамбыл ауданында 40 миллиард теңгенің екі ірі энергетикалық жобасы іске асырылуда

11.11.2026, 13:52

Мойынқұм ауданында экологиялық ағарту және тазалық жұмыстары белсенді жүргізілуде

11.11.2026, 12:46

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.