• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 07:50
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Арайлы Жақсылық Арайлы Жақсылық
04.09.2026, 12:52
Қазақстан жаңалықтары
Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді
6
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

2026 жылдың 25 қыркүйегінде сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде белгілі суретші, «Отан» орденінің кавалері, ҚР Еңбек сіңірген мәдиниет қайраткері, Шоқан Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Бәтима Есмуратовна Заурбекованың 80 жасқа толған мерейтойына арналған «Жіпке біткен жады» атты ретроспективті жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді. Отандық сәндік-қолданбалы өнер тарихында ерекше орны бар қылқалам шебері — Қазақстандағы «Гобелен дәуірінің» бастауында тұрған, кәсіби гобелен мектебін қалыптастырған дара тұлғалардың бірі. Жарты ғасырдан астам шығармашылық жолында ол ұлттық өнердің алтын қорына енген жүздеген туындыны өмірге әкелді.

Бәтима Есмуратовнаның еңбектерінде ұлттық мәдениет, қазақ халқының дәстүрлі тұрмыс-салты мен тарихи зердесі терең көрініс табады. Шығармашылығының өзегін адам мен табиғат, ұрпақтар сабақтастығы, саз бен үйлесімділік құрайды. Ал әйел бейнесі — отбасылық және рухани құндылықтардың, ана махаббатының символы ретінде ерекше орын алады. Бұл тақырыптар гобелен мен кескіндеменің философиялық тереңдігімен, қанық колоритімен және орнаменттік стилизациясымен ашылады. Қазақ ою-өрнегінің мотивтері адам бейнесімен және табиғи формалармен органикалық түрде астасып, геометриялық элементтердің ырғағы ішкі динамиканы күшейтеді. Суретшінің қолтаңбасы ұлттық дәстүр мен заманауи бейнелеу ойлау жүйесінің, монументалды композицияның тұтастығына негізделген.

Қылқалам шебері 1946 жылы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Фурмановка ауылында дүниеге келіп, балалық шағы Меркі кентінде өткен. Бейнелеу өнеріне деген сүйіспеншілігінің қалыптасуына анасы Бибіханның халық шебері ретіндегі табиғи дарыны зор ықпал етті. 1969 жылы Н. В. Гоголь атындағы Алма-Ата көркемсурет училищесін, 2001 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін тәмамдаған. Оның шығармашылық тағдырында Акрап Жұбанов пен Құрасбек Тыныбеков үлкен роль атқарды, сонымен қатар М. Темірғалиев, С. Айтбаев, Б. Табиев, Б. Пак, С. Мәмбеев, Қ. Тельжанов, Т. Досмағамбетов, М. Қисаметдинов, Т. Тоғысбаев сияқты бейнелеу өнерінің ірі өкілдері Бәтима Заурбекованың сирек колористік дарынын жоғары бағалап, кескіндемемен де айналысуға кеңес берген болатын.

Музейдің үш көрме залына орналасатын бұл экспозиция суретшінің 80-нен астам туындысын — гобелендерін, кескіндемелік кенептері мен графикалық еңбектерін көрермен назарына ұсынады. Сондай-ақ келушілер алғашқы эскиздерді, мұрағаттық фотосуреттер мен видеоларды тамашалап, автордың 1970 жылдардан бүгінгі күнге дейінгі шығармашылық жолына куә бола алады. Экспозициядан қазақ өнерінің классикасына айналған «Простор» (1976), «Мать-Земля» (1984), «Материнство» (2004) сияқты әйгілі гобелендер ерекше орын алған. Бәтима Заурбекованың еңбектері Франция, Турция, Италия, Швейцария сияқты әлем елдерінде көрмеге қойылып, халықаралық деңгейде кеңінен танылған.

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Байтұрсын Өмірбеков суретші туралы: «Суретшінің қандай да бір ісі оның мінезімен тығыз байланысты. Шын шебер ешқашан жаман ойға да, лайықсыз әрекетке де бой алдырмайды. Бәтиманың ішкі дүниесі мен сыртқы келбеті — тума өнер иесіне тән. Ол өз ісіне адал, бар болмысымен өнерге берілген тұлға. Оның басты ерекшелігі — түстер мен реңктердің сиқырлы үйлесімінде. Бәтима әлі де ұлттық рухтағы талай туындыны өмірге әкеледі деп сенемін», — деп жылы лебізін білдірген еді. Бүгінгі таңда да суретші белсенді түрде шығармашылықпен айналысып, ұлттық мәдениеттің терең мазмұнын өнер тілінде сөйлетуді жалғастырып келеді.

Көрме кураторлары — Алина Муратовна Федорович және Наталия Александровна Баженова. Экспозиция 2026 жылдың 25 қыркүйегінен 8 қарашасына дейін, сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін ашық болады (дүйсенбі — демалыс күні).

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38
Үкімет басшысының орынбасарлары ескі құрамда, қандай тағы тағайындаулар болуда

Үкімет басшысының орынбасарлары ескі құрамда, қандай тағы тағайындаулар болуда

03.09.2026, 11:16

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.