• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 09:12
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Сайлау алдындағы үгіт 22 тамызда тоқтатылады — Прокуратура

Бүгінгі таңда прокуратура органдары сайлау заңнамасын бұзудың 8 дерегін тіркеген.

Turan Redaktor Turan Redaktor
21.08.2026, 16:23
Қазақстан жаңалықтары
Сайлау алдындағы үгіт 22 тамызда тоқтатылады — Прокуратура
4
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қазақстан Республикасының прокуратура органдары «Прокуратура туралы» Конституциялық заңның 40-бабы тәртібінде азаматтарға үндеу жариялады.

Прокуратура органдары конституциялық өкілеттіктері шеңберінде Құрылтай депутаттарын сайлаудың барлық кезеңінде заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды жалғастыруда. Жалпы, сайлау циклі құқықтық алаңда өтуде.

Бүгінгі таңда прокуратура органдары сайлау заңнамасын бұзудың 8 дерегін тіркеген. Оның ішінде 3 дерек сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауал салу тәртібін бұзуға, ал 5 дерек тыйым салынған кезеңде сайлау алдындағы үгіт жүргізуге қатысты.

Аталған құқық бұзушылықтар бойынша прокурорлар қысқартылған тәртіппен жеті жеке тұлға мен бір заңды тұлғаны әкімшілік жауаптылыққа тартты. Олардың барлығы өз кінәсін мойындап, жасаған әрекеттеріне өкініш білдірген және онлайн-платформаларда орналастырған заңсыз жарияланымдарын жойған.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 27-бабының 2-тармағына сәйкес сайлау алдындағы үгіт 2026 жылғы 22 тамызда сағат 00:00-де аяқталады.

Аталған Конституциялық заңның 32-бабының 1-тармағына сәйкес дауыс беру күні және оның алдындағы күні кез келген сайлау алдындағы үгітке тыйым салынады. Демек, 2026 жылғы 22 және 23 тамыз күндері үгіт материалдарын жаңадан жариялауға, таратуға және насихаттауға жол берілмейді.

Бұл ретте сайлау комиссиялары мен дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерлерде бұрыннан ілініп тұрған баспа үгіт материалдарын орнында қалдыруға болады. Интернет желісінде бұған дейін жарияланған үгіт материалдарын да өшіру міндетті емес.

Алайда бұрын орналастырылған материалдарды интернет-ресурстардың басты бетіне қайта шығарып, қосымша ілгерілетуге немесе қайта таратуға жол берілмейді.

Сонымен қатар дауыс беру құпиясын сақтау мақсатында толтырылған сайлау бюллетенін фотоға немесе бейнежазбаға түсіруге және оны дауыс беру күні таратуға тыйым салынады.

Аталған құқықтық талаптар сақталмаған жағдайда, тыйым салынған кезеңде сайлау алдындағы үгіт жүргізгені үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 102-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылық көзделген.

Атап айтқанда:

  • жеке тұлғаларға – 15 айлық есептік көрсеткіш;
  • шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 20 айлық есептік көрсеткіш;
  • орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 25 айлық есептік көрсеткіш;
  • ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Прокуратура органдары азаматтарды сайлау заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға, дауыс беру құпиясын бұзбауға және тыйым салынған кезеңде кез келген үгіт әрекетінен бас тартуға шақырады.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.