• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 20:33
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Бақытжан Орынбеков Жібек жолы ауданының санитарлық тазалық жұмыстарын тексерді

Алина Мейірбекқызы Алина Мейірбекқызы
03.08.2026, 15:28
Қала жаңалықтары
Бақытжан Орынбеков Жібек жолы ауданының санитарлық тазалық жұмыстарын тексерді
3
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Алдымен шаһар басшысы «Алатау» (8) және «Арай-2» шағын аудандарындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын аралап көрді. Мұнда аула аумақтарының санитарлық жағдайына, балалар ойын алаңдарының тазалығына және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аударылды.

Осыған байланысты  жауапты бөлім басшылары мен мердігер мекемелерге аумақтарды күнделікті тазалау жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыруды, қоқыстың уақытылы шығарылуын қамтамасыз етуді және тұрғындар арасында қоршаған ортаны таза ұстау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Сондай-ақ шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков «Қызылабад» алабына арнайы барып, «Жасыл белдеу» бағдарламасы аясында егілген ағаштардың жай-күйімен де танысты. Мұнда көшеттердің жерсіну деңгейі, суару жүйесінің ұйымдастырылуы және күтіп-баптау жұмыстары жан-жақты қаралды.

Айта кетейік, қаланы кешенді көгалдандыру және жасыл аймақтардың көлемін ұлғайту мақсатында арнайы «Жасыл белдеу» бағдарламасы қабылданған. Бағдарлама аясында Тараздың экологиялық ахуалын жақсарту, ауа сапасын арттыру, тұрғындарға жайлы әрі жасыл орта қалыптастыру көзделген.

Биылғы жылы аталған бағдарлама шеңберінде аталмыш алапқа 10 мың түп ағаш көшеті отырғызылды. Күзгі көгалдандыру маусымында бұл жұмыстар жалғасып, тағы 10 мың түп ағаш егу жоспарланып отыр.  Сонымен қатар шаһардың орталық көшелерін, саябақтарын, аллеялары мен скверлерін көгалдандыру жұмыстары да қарқынды жалғасуда. Биыл бұл аумақтарға қосымша 8 мың түп ағаш отырғызу көзделуде. 

Қала басшысы жауапты сала мамандарына егілген әрбір ағаштың сақталуын қамтамасыз етуді, олардың уақытылы суарылып, күтіп-бапталуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды. Сондай-ақ көгалдандыру жұмыстарының сапасына ерекше мән беріліп, оларға барлық қажетті жағдай жасалуы керектігін атап өтті.

Сонымен қатар Бақытжан Әмірбекұлы «Алатау» (8) шағын ауданында жүргізіліп жатқан жылу желілерін жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. 

Шаһар басшысы құрылыс жұмыстарының сапасына ерекше назар аударып, тұрғындарға қолайсыздықты барынша азайту қажеттігін атап өтті. Әсіресе, көлік қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құрылыс алаңдарының санитарлық тазалығын сақтау, сондай-ақ жұмыстар аяқталғаннан кейін жол жабындысы мен абаттандыру нысандарын қысқа мерзімде бұрынғы қалпына келтіруді тапсырды.

Сонымен қатар, барлық жұмыстар белгіленген мерзімде әрі сапалы орындалуы тиіс екенін айтып, жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді.

Айта кетейік, соңғы жылдары Таразда жылу желілерінің техникалық жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Тозығы жеткен құбырларды кезең-кезеңімен ауыстыру және заманауи технологияларды енгізу нәтижесінде инженерлік инфрақұрылым жаңартылуда. 

Мәселен, биыл «Самал» шағын ауданында жалпы ұзындығы 4,4 шақырымды, ал «Алатау» шағын ауданында ұзындығы 7,3 шақырымды құрайтын ішкі кварталдық жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы жұмыстардың нәтижесінде Тараз қаласындағы жылу желілерінің тозу деңгейі 51 пайызға дейін төмендейді деп күтілуде.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес іске асырылып жатқан «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында да қалада бірқатар маңызды бастамалар қолға алынған. Осы бағдарлама шеңберінде «Таразтрансэнерго» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының 2026 жылға арналған жоспарына екі ірі жоба енгізілді.

Олардың алғашқысы – ТК-128 ішкі кварталдық жылу желілерін қайта жаңғырту жобасы. Бұл жоба аясында ұзындығы 0,7 шақырым болатын жылу желілері толық алмастырылып жатыр. 

Ал екінші жоба – ТК-512 ішкі кварталдық жылу желілерін реконструкциялау. Оның шеңберінде ұзындығы 3,7 шақырым болатын жылу желілері заманауи талаптарға сай қайта салынып, жаңартылуда.

Бұл жұмыстар Тараз қаласының инженерлік инфрақұрылымын жаңғыртып қана қоймай, алдағы жылыту маусымында тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз жылумен қамтамасыз етуге, апаттық жағдайлардың алдын алуға және коммуналдық қызметтердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.



Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kzАрай-2Жамбыл облысытазалық
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Әке, олар мені ұмытқан жоқ»: Жамбылда қаза тапқан полицейлердің балалары алғаш рет мектеп табалдырығын аттады

«Әке, олар мені ұмытқан жоқ»: Жамбылда қаза тапқан полицейлердің балалары алғаш рет мектеп табалдырығын аттады

02.09.2026, 13:15
Таразда Қойгелді көшесін қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда

Таразда Қойгелді көшесін қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда

25.08.2026, 17:00
Биыл Таразда 115 мектеп оқушыларды қабылдауға дайын

Биыл Таразда 115 мектеп оқушыларды қабылдауға дайын

25.08.2026, 16:51
Ұлы Абайдың 181 жылдығына орай тағзым жасалды

Ұлы Абайдың 181 жылдығына орай тағзым жасалды

11.08.2026, 09:35

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.