Kaspi.kz клиенттері басқа қазақстандық банктердің QR-кодтары арқылы да сатып алуларының ақысын төлей алады.
Сондай-ақ Kaspi.kz клиенттері телефон нөмірі арқылы басқа банктерден ақша аударымдарын қабылдап, басқа банктерге аударым жасай алады.
«Біз сүйікті серіктестерімізге кез келген банктің клиенттерінен төлем қабылдау ыңғайлы болғанын, ал клиенттерімізге барлық жерде оңай төлем жасау мүмкіндігі болғанын қалаймыз. Осы жүйені сенімді, қауіпсіз әрі барлық қатысушы үшін ыңғайлы ету мақсатында біз Ұлттық Банкпен және банк қауымдастығымен бірнеше жыл бойы бірге жұмыс істедік. Ынтымақтастық үшін Қазақстан Ұлттық Банкі мен банк қауымдастығына, ал сенімдері үшін сүйікті клиенттеріміз бен серіктестерімізге алғыс білдіреміз!»Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі:






