Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) республикалық Бас мешітке «Нұрсұлтан мешіті» атауы берілгенін хабарлады.
ҚМДБ мәліметінше, осыған байланысты жаңа атау ресми қолданысқа енгізіледі.
Діни басқарманың хабарлауынша, республикалық Бас мешіт елорданың ғана емес, бүкіл Қазақстан мұсылман қауымының ортақ рухани ордасы саналады. Мешіт халық бірлігін нығайтуға, бейбітшілік пен келісімді дәріптеуге, ізгілік пен мейірімділік құндылықтарын насихаттауға, сондай-ақ имандылық пен адамгершілікке негізделген бастамаларды қолдауға қызмет етіп келеді.
Сондай-ақ ҚМДБ жаңа атаумен республикалық Бас мешіт алдағы уақытта да қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайтуға, дәстүрлі рухани құндылықтарды сақтауға және игі бастамаларды дамытуға үлес қоса беретінін атап өтті.







