• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Байзақтағы мектеп асханасында бүлінген қырыққабат анықталды: тексеріс нәтижесі

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы мектеп асханасында бүлінген қырыққабат анықталды. Тексеріс нәтижесінде сапасыз өнім пайдаланылмағаны хабарланды.

05.05.2026
0
Байзақтағы мектеп асханасында бүлінген қырыққабат анықталды: тексеріс нәтижесі
485
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысының Байзақ ауданы Құмжота ауылындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп асханасында анықталған сапасыз азық-түлік қоғамда резонанс тудырды. Даулы жағдай Облыстық ата-аналар комитетінің төрайымы Назима Жұбандықова жариялаған бейнежазбадан кейін белгілі болды.

4 мамырға арналған мектеп мәзіріндегі қырыққабаттың көгеріп, жағымсыз иіс шығара бастағаны көрсетілген видео әлеуметтік желіде қызу талқыланып, ата-аналар алаңдаушылығын күшейтті. Осыдан кейін мәселе жедел түрде бақылауға алынды.

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат саласындағы Қоғамдық кеңес мүшесі Исламбек Дастан мектепке арнайы барып, асханадағы жағдаймен танысты. Мектеп директоры Қанатбек Бәйтен бұл дерек бойынша бірден акт толтырылғанын мәлімдеді. Құжатқа мектеп басшылығы, медицина қызметкері, шаруашылық меңгерушісі, әлеуметтік педагог, ата-аналар және аспаз қол қойған.

Сонымен қатар, білім ордасында тамақ сапасын бақылау үшін арнайы бракераждық комиссия құрылған.

Аспаз Анар Сағымбайқызы өнімдердің жеткізілуіне қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, көкөністерді Қапбаров жеке кәсіпкері жексенбі күні жеткізген. Қабылдау кезінде сапа талапқа сай болғанымен, келесі күні түскі уақытта қырыққабаттың бұзыла бастағаны және жағымсыз иіс шыққаны анықталған. Мектеп әкімшілігі бұл өнімнің ас әзірлеуге пайдаланылмағанын айтып отыр.

Кездесу барысында белсенді Исламбек Дастан бұған дейін Киікбаев атындағы мектеп орын алған балалардың жаппай улану жағдайын еске салып, мұндай оқиғалардан сабақ алу керектігін қатаң ескертті. Оның айтуынша, сапасыз өнім – балалар денсаулығына тікелей қауіп.

Мемлекеттік сатып алу порталында оқушыларды тамақтандыру бойынша «Қапбаров Разақ» жеке кәсіпкері Байзақ ауданы бойынша 38,4 млн теңге келісімшарта тұрған болса, Байзақ ауданы мектептеріне тамақтандыру бойынша №16446802-1 конкурс нәтижесі бойынша 38,8 млн теңгеге конкурс жеңімпазы атанған.

Қазіргі таңда аталған мектепте 350 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған. Сондықтан ата-аналар мен қоғам тарапынан бақылау күшейіп отыр. Мектеп әкімшілігі жеткізушілермен жұмысты қатаңдатып, асхана жағдайын күнделікті бақылауға алатынын мәлімдеді.

Тегтер: Байзақ ауданыБалалар денсаулығыЖамбыл облысықырыққабатмектеп асханасымектеп тамағысапасыз тағамтексеріс

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты