• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Таразда “Кітап — асыл қазына” республикалық кітап фестивалі өтті

Аталған ауқымды іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасына қарасты Ш. Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырды.

23.04.2026
0
Таразда “Кітап — асыл қазына” республикалық кітап фестивалі  өтті
14
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Іс-шара аясында ұсынылған “Өлеңге деген махаббат” атты әдеби композиция көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Бұл қойылымда түрлі этнос өкілдерінің қазақ поэзиясына деген құрметі мен сүйіспеншілігі көрініс тауып, еліміздің көпұлтты қоғамындағы мәдени бірлік пен рухани тұтастық айқын байқалды.

Фестивальдің ресми бөлімінде Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Жақсылықұлы Сәлемов құттықтау сөз сөйлеп, өңірдегі мәдениет пен руханият саласына үлес қосып жүрген кітапхана қызметкерлері мен әдебиет саласының өкілдеріне алғыс білдірді.

Осы орайда бірқатар марапаттар табысталды. Облыс әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары, сондай-ақ Тараз қалалық мәслихатының марапаттары кітапхана саласының мамандарына, ауылдық және аудандық кітапхана қызметкерлеріне, әдебиет пен мәдениет өкілдеріне берілді. Бұл – олардың тынымсыз еңбегіне берілген лайықты баға болды.

Сонымен қатар, “Руханият елшісі” номинациясы аясында елімізге танымал жазушылар, журналистер және әдебиеттанушы ғалымдар марапатталды. Ал “Жыр құрметі” номинациясы түрлі этнос өкілдерінің қазақ поэзиясын насихаттаудағы еңбегін айқындап, Қазақстан халқы арасындағы рухани бірлікті тағы бір мәрте көрсетті.

Фестиваль барысында еліміздің белгілі ақын-жазушылары, бас редакторлар, баспа ісінің мамандары және ғалымдар қатысып, кітап индустриясының қазіргі ахуалы, оқырман мәдениетінің дамуы және әдебиеттегі жаңа бағыттар жөнінде мазмұнды пікір алмасты.

Шараның ерекше сәттерінің бірі – жаңа кітаптардың тұсаукесері болды. Жаңа туындылар оқырманға ұсынылып, авторлардың шығармашылық ізденістері мен еңбектері кеңінен таныстырылды. Бұл әдеби орта үшін маңызды оқиға ретінде қабылданды.

Сонымен қатар “Жанды кездесу: автор мен оқырман” алаңында еркін пікір алмасу өтіп, оқырмандар жазушылармен тікелей байланыс орнатып, шығармашылық туралы ой бөлісті. Ал “Поэзия & шабыт” алаңында ақындар өз жырларын оқып, көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады.
Фестиваль аясында авторлық құқық, баспа ісінің қазіргі даму үрдістері және заманауи әдеби кеңістіктің өзекті мәселелері де талқыланды. Бұл бағыттағы баяндамалар кітап индустриясының болашағына жаңа көзқарас қалыптастырды.

Фестивальдің басты мақсаты – қоғамда кітап оқу мәдениетін дамыту, жас ұрпақты кітапқа баулу, ұлттық әдебиетті кеңінен насихаттау, рухани құндылықтарды дәріптеу және оқырман мен автор арасындағы шығармашылық байланысты нығайту болды. Сонымен қатар, кітапхана ісінің беделін арттыру және қоғамдағы рухани кеңістікті кеңейту де негізгі бағыттардың бірі ретінде айқындалды.

“Кітап – асыл қазына” фестивалі – руханият пен әдебиеттің, білім мен мәдениеттің тоғысқан үлкен алаңы болды.

Тегтер: жаңа туындылартұсаукесерҰлттық кітап күніфестиваль

Танымал жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

09.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты