• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бектенов Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекетік органдар басшыларының, сарапшылар мен урбанистердің қатысуымен Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді.

21.11.2025
0
Бектенов Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді
41
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Онда Мемлекет басшысының халықаралық іскерлік белсенділік, инновациялар және технологиялар орталығын құру бойынша алға қойған міндеттерін жүзеге асыруға баса назар аударылды.

Кеңес мүшелері Президенттің Алатау қаласына даму қарқыны озық қала деген арнаулы мәртебе беру жөніндегі Жарлығы шеңберінде тиісті институционалдық базаны әзірлеу барысы мен инфрақұрылым салу және инвестициялар тарту жөніндегі шараларды талқылады. Alatau Сity Аuthority жаңа мемлекеттік қорының қызметіндегі мәселелер қаралды.

Премьер-министрге әзірленіп жатқан «Алатау қаласының арнайы мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасына қатысты ұсыныстар айтылды, олардың ішінде өзінің жеке реттеушілік және әкімшілік экожүйесін құру, құқықтық және басқарушылық инновациялар, мемлекеттік сервистердің цифрлық интеграциясы және тағы да басқалар бар.

Одан бөлек, құрылыс, энергетика, экология, көлік және ТКШ салаларында, соның ішінде «ақылды» қала технологиясы шеңберінде де, халықаралық стандарттар мен инновацияларды енгізу ұсынылып отыр. Кепілдіктерді қамтамасыз ету және инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі шаралар да көзделген. Маңызды бағыттардың бірі – робототехникалық жүйелерді дамыту және кеңінен пайдалану, сондай-ақ цифрлық активтердің айналымын реттеу.

Кеңес мүшелері Алатау қаласында инженерлік-инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі Жол картасын қарады. Қанат Бозымбаев бүгінгі таңда инженерлік желілерді жоспарлаудың салалық схемалары бекітілгенін және бірінші кезекте жобасы жасалып, құрылысы салынатын 30 нысан анықталғанын баяндады.

Мұнда қолданыстағы ғимараттарды реконструкциялау және жаңа инфрақұрылым нысандарын салу жұмыстары қатар жүргізіледі. Жаңа нысандардың ішінде бірнеше қосалқы стансалар, су жинау торабы, газ құбырлары, кәріз тазарту құрылыстары, автожолдар және тағы да басқалар бар. Бұл жұмыстарды келесі жылы бастап кету жоспарланып отыр. Инфрақұрылымдық нысандарды салу кезінде «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының тетіктері пайдаланылатын болады. Сондай-ақ EPC+F құралдарын қолдану мүмкіндіктері қарастырылады, мұнда мердігер компания қаржыландырудан бастап жобаның барлық кезеңдеріне жауап береді.

Үкімет

Тегтер: АлатауҚР Премьер-МинистріҚР ҮкіметіОлжас Бектенов

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты