Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов хабарлады. Министр бұл механизм спорт, шығармашылық және қосымша білім беру салаларын біріктіреді, сондай-ақ мемлекеттік және жеке ұйымдарды бірыңғай цифрлық жүйеге қосады деп атап өтті. Бүгінде 8,4 млн адам жүйелі түрде спортпен шұғылданады. Бұл – халықтың 41,4 %-ы. Мақсат – бұл көрсеткішті 2029 жылға қарай 50%-ға жеткізу. Биыл мемлекеттік спорттық тапсырыспен 240 мың бала 7 мыңнан астам тегін секцияға қатысуда. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 50 млрд теңге бөлінді.
«Өңірлер бойынша ең жоғары қамту Атырау, Қостанай облыстарында және Шымкент қаласында», — деді Ербол Мырзабосынов.
Үкімет отырысы







