• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Жамбылдан 24 жеңімпазға сертификат табысталды

22.10.2025
0
Жамбылдан 24 жеңімпазға сертификат табысталды
327
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Мемлекет басшысы тапсырмасына сәйкес Оқу-ағарту министрлігі 2023 жылдан бастап Президенттік жастар кадрлық резерві үлгісінде «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасын іске асырып келеді. Жобаның мақсаты – білім беру жүйесін жаңғыртуға, басқару тиімділігін арттыруға және оң өзгерістерді жүзеге асыруға қабілетті жаңа буын көшбасшыларын даярлау.

Бүгін Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жобаның қорытынды кезеңінде кадрлық резервке енген педагогтермен кездесті. Биыл 411 үміткер қорытынды бағалаудан өтіп, әңгімелесуге шақырылған болатын. Нәтижесінде 403 қатысушы кадрлық резервке қабылданып, оларға министр арнайы сертификаттар табыстады.

Кездесу барысында Жұлдыз Сүлейменова кадр резервіне енген білім саласының көшбасшыларымен еліміздегі білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын талқылады. Министр соңғы жылдары мемлекет тарапынан білім сапасын арттыру, кадрлық әлеуетті күшейту, инфрақұрылымды жаңғырту және цифрландыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, білім жүйесін тиімді реформалау ең алдымен басшылық құрамның трансформациясынан басталады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен 2019 жылдан бері білім саласын дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілді. Білім берудегі өзгерісті басқаруда үш негізгі фактор бар – құндылық, қабілет және әрекет. Мектеп басшылары трансформациялық, стратегиялық және ситуациялық көшбасшылық дағдыларды меңгеріп, білім беру ұйымдарын тиімді басқарудың жаңа тәсілдерін қолдана білуі қажет. Әрбір оқушының жеке қабілеті мен ерекшелігін ескере отырып, барлығына тең мүмкіндік жасау – қазіргі білім берудің басты талабы. Бұл ретте педагогтердің кәсіби дамуын қолдау, мектеп мәдениетін адалдық пен жауапкершілік құндылықтарына негіздеу, білім алушыларға әрбір әрекеттің салдары болатынын ұғындыру аса маңызды», – деді министр.

Сонымен қатар, ол қазіргі цифрлық дәуірде жасанды интеллект технологияларын оқу үдерісіне сауатты әрі тиімді енгізудің маңыздылығын атап өтіп, мектеп басшыларына арналған «ЖИ дәуіріндегі табысты мектеп» моделін ұсынды.

Айта кетейік, «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы аясында қатысушылар үш деңгей бойынша – базалық, сараптамалық және кәсіби дайындықтан өтті. Бұған дейін 2023-2024 жылдары 583 педагог резервист атанды. Оның ішінде 397 басшының орынбасары, 186 педагог бар. Қазіргі уақытта олардың 419-ы немесе 71%-ы лаузымдарға тағайындалған.

Жобаны сәтті аяқтап, кадрлық резервке енген педагогтер бос басшылық лауазымдарға конкурстық рәсімдерден өтпей-ақ тағайындалу құқығына ие.

Жамбыл бойынша «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасының сертификаттар иегерлері:

Аcaнов Олжас Жумабекұлы Байзақ ауданы
Абдыкалиев Марс Джанатұлы Байзақ ауданы
Әбденбек Жазира Жеңісәліқызы Жамбыл ауданы
Биржанова Роза Кудайбергенқызы Жамбыл ауданы
Булантаева Айғаным Аскарқызы Шу ауданы
Дүйсен Нұрбек Жеңісұлы Жамбыл ауданы
Жапаров Канат Толеуханұлы Мойынқұм ауданы
Жуанышев Айдын Тайтулеуұлы Тараз қаласы
Замбаева Райхан Сапарқызы Тараз қаласы
Исаев Багдат Иманалыұлы Жуалы ауданы
Киргизбаева Дина Ботабекқызы Жуалы ауданы
Кожагельдиева Улжан Алмасқызы Тараз қаласы
Куралбаева Асель Нурланқызы Шу ауданы
Мамырова Гульмира Айсарықызы Тараз қаласы
Манашбаева Газиза Закирбайқызы Тараз қаласы
Нышанбаев Дархан Құрманбекұлы Жамбыл ауданы
Оспанова Мира Аханқызы Тараз қаласы
Примбетова Лаззат Жолдасқызы Тараз қаласы
Скакбаева Гульнур Рятқызы Тараз қаласы
Толисбаева Гаухар Мирзабекқызы Шу ауданы
Турысбекова Насихат Мамбетбайқызы Тараз қаласы
Утепова Молдир Женисбековна Тараз қаласы
Хабдуллаева Гулмира Емелбаевна Жуалы ауданы
Шаршыбаева Саракул Дуйсенбековна Тараз қаласы

turaninfo.kz

Тегтер: #Аймағамбетов # БҒМ # білімБІЛІМ БЕРУТараз

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты