• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 17:37
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Құтқарушы – ерліктің екінші аты

Олардың қызметінде "кейінге қалдыру" деген ұғым жоқ, себебі әр минут – бір өмірдің тағдыры.

Turan Redaktor Turan Redaktor
18.10.2025, 15:50
Жаңалықтар
Құтқарушы – ерліктің екінші аты
46
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қазанның 19-ы – Қазақстанның Төтенше жағдайлар қызметі мамандарының кәсіби мерекесі. Бұл күн – өз өмірін өзгелердің амандығына арнаған, батылдық пен адамгершілікті серік еткен жандардың күні. Құтқарушылардың еңбегі көзге көп көрінбегенімен, олардың әр күні қауіп пен тәуекелге толы. Бірі – өрттің ортасында, бірі – мұздай суда, енді бірі – апатқа ұшыраған жолда адамдардың өмірі үшін күресіп жүреді. Олардың қызметінде «кейінге қалдыру» деген ұғым жоқ, себебі әр минут – бір өмірдің тағдыры.

Мойынқұм ауданы да мұндай ерлікке куә болған өңір. Биылдың өзінде төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері бірнеше мәрте табиғи және техногендік апаттардың алдын алды. Мысалы, жаздың аптап күнінде Айдарлы ауылдық округі маңында шыққан дала өртін сөндіру кезінде құтқарушылар мен еріктілер бірнеше сағат бойы оттың таралуына жол бермей, елді мекендерді аман сақтап қалды. Сол күні аға инспектор Әділхан Оразбаев демалыста болса да, шақырту алған соң бірден оқиға орнына жетіп, әріптестерімен бірге қызыл жалынға қарсы тұрды. Бұл – қызметтік міндетін атқарудан бөлек, нағыз азаматтық ерлік.

Көктемгі тасқын кезінде де құтқарушылардың еңбегі ерен болды. Ақсүйек ауылына апаратын көпірдің астындағы су арнасынан асып, айналаға тарай бастағанда, құтқарушы Данияр Әбдіманапов пен ауылдық округ қызметкерлері тәулік бойы бөгет бекітіп, ауыл ішіне судың кіруіне жол бермеді. Бұл әрекет жүздеген адамның мүлкін, үйін және өмірін сақтап қалды. Олар үшін бұл жай ғана жұмыс болғанымен, тұрғындар үшін үлкен батылдықтың көрінісі.

Құтқарушының өмірі – үздіксіз дайындық пен жауапкершілік. Телефон шыр еткен сайын, ауа райына, уақытқа қарамай жолға шығуға тура келеді. Үйде күтіп отырған отбасы мен тыныштыққа деген сағынысты артқа тастап, олар әрқашан бірінші кезекте өзгенің қауіпсіздігін ойлайды. Бірі өрт сөндіреді, бірі жол апатынан адамдарды шығарады, енді бірі суға кеткендерді іздейді – бәрінің мақсаты бір: адам өмірін сақтау.

Мойынқұм ауданындағы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері осы абыройлы міндетті лайықты атқарып келеді. Олардың ерлігі кейде жаңалықтарда айтылмайды, суреттерде көрінбейді, бірақ әрбір аман қалған өмір – олардың ең үлкен марапаты.

Құтқарушылар күні – тек кәсіби мереке емес, халқымыздың шынайы ризашылығын білдіретін күн. Бұл күні біз өз тыныштығымыз бен бейбіт өміріміздің күзетінде жүрген батыл жандарға алғыс айтамыз. Қайсар мінезді, рухы мықты әр құтқарушыға мықты денсаулық, қызметінде сәттілік және амандық тілейміз. Сіздердің ерліктеріңіз – ел тыныштығының кепілі, ал жүректеріңіздегі мейірім мен жауапкершілік – нағыз адамдықтың өлшемі.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Тоқаев ШЫҰ туралы: Ең бастысы – «Шанхай рухын» сақтап қалдық

Тоқаев ШЫҰ туралы: Ең бастысы – «Шанхай рухын» сақтап қалдық

02.09.2026, 13:00
Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

19.08.2026, 15:16
«Сізге банктен қоңырау шалып жатыр»: телефон алаяқтарын қалай тануға болады

«Сізге банктен қоңырау шалып жатыр»: телефон алаяқтарын қалай тануға болады

18.08.2026, 11:41
Қазақстан прокурорлары әлемдік ЖИ сарапшысы Кай-Фу Лиге өздері жасаған сандық жобаларды ұсынды

Қазақстан прокурорлары әлемдік ЖИ сарапшысы Кай-Фу Лиге өздері жасаған сандық жобаларды ұсынды

05.08.2026, 16:32

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.