Бортта жол-көлік оқиғасында қаза тапқандардың туыстары ұшып барады — денелерін сәйкестендіру және басқа қажетті рәсімдерді өткізу үшін.
Борт қаза тапқандардың денелерін өз аймақтарына жеткізу үшін де пайдаланылады.
Қаза тапқандардың ішінде — бес әйел Қарағанды облысынан, біреуі Астана қаласының тұрғыны.
— Бұл шара қаза тапқандардың отбасыларына жедел көмек көрсету, денелерді сәйкестендіру рәсімдеріне қатысу, оларды тасымалдау және кейінгі жерлеу ұйымдастыру жұмыстарын оперативті шешу мақсатында ұйымдастырылды, — деді ІІМ ресми өкілі — департамент бастығы Шыңғыс Алекешев.
ІІМ баспасөз қызметі







