БАҚ-пен әлеуметтік желіде Шерзат Болаттың үйі өртенген оқиға бойынша қылмыстық іс тоқтатылғаны туралы ақпарат тарады Әлеуметтік желіде, ірі медиа порталдарда Қаржаубайдың үйі өртенгеніне байланысты іс тоқтатылғаны туралы ақпарат тарап жатыр екен. Десе де бұл шындыққа сәйкес келмейді. Себебі бізге мәлім ақпаратқа сәйкес ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 45-бабы 7-бөлігі 5-тармақшасына сәйкес тек сотқа дейін тергеп-тексеру мерзімі үзілген. Бұл деген сөз іс жабылғанын білдірмейді. Сондықтан шынайы ақпаратқа сенейік», — деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін ішкі істер министрі Ержан Сәденов Талғарда қаза тапқан Шерзаттың отбасының үйі өртенген оқиға бойынша тергеу калай жүріп жатқанын айтты. ІІМ басшысының сөзінше, тергеу ерекше бақылауда.
Еске салайық, 2024 жылы 12 қазанда Шерзат Болаттықың үйі өртеніп кетті. Артынша марқұмның отбасын полиция күзететін болды







