Ұшаққа асыққан шетелдік азамат телефондағы қосымша арқылы ақша аудару кезінде есімінің алғашқы әріптері ұқсас болуына байланысты шатасып кеткен. Ұшаққа отыруға санаулы минуттар қалғанда ол осындай жағдайға тап болған.
Әуежайдағы полицейлер туриске шұғыл түрде көмектескен. Тәртіп сақшылары шұғыл түрде банкпен байланысып, аударымды бұғаттап, ақша алған тұлғаның жеке басы мен байланыс мәліметтерін анықтаған.
«Қытайда «халық полициясы халыққа қызмет етеді» дейміз, дәл осыны мен Қазақстанда да сезіндім. Қазақстан полициясы тек өз азаматтарына емес, көмекке мұқтаж кез келген адамға қол ұшын созады. Шын жүректен алғысымды білдіремін», — деді Қытай азаматы Зуо Тенглонг.
Ол әлеуметтік желіде видео жариялап, қазақстандық полицейлердің жоғары кәсібилігі мен адамгершілігі туралы айтқан







