• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 12:25
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Азаматтық сектордың сенімді тірегі — Жамбыл облысының Азаматтық Альянсы

Жамбыл облысында үкіметтік емес ұйымдардың дамуына серпін беріп, азаматтық қоғамның институционалдық әлеуетін арттыруда маңызды рөл атқарып отырған құрылымдардың бірі — «Жамбыл облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі.

turan_admin turan_admin
04.07.2025, 12:41
Азаматтық қоғам институттары
Азаматтық сектордың сенімді тірегі — Жамбыл облысының Азаматтық Альянсы
32
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бұл ұйымның басты мақсаты — өңірдегі ҮЕҰ (үкіметтік емес ұйымдар) секторын нығайту, олардың қызметін сапалы әрі тиімді ету үшін барлық жағдай жасау. Сонымен қатар, ұйым қоғамдық бастамалардың жүзеге асуына қолдау көрсетіп, заңдық, әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан қолайлы орта қалыптастыру арқылы азаматтық қоғамның дамуына жол ашуда.

Альянстың қызметі қоғам мен мемлекеттік құрылымдардың, халықаралық ұйымдар мен бизнес сектордың өзара серіктестігін нығайтуға бағытталған. Осындай көпжақты әріптестікті жолға қою арқылы өңірдегі азаматтық белсенділікті арттырып, жаңа жобалардың жүзеге асуына жағдай жасалып келеді.

Ұйым жүзеге асырған жарқын жобалардың бірі — «Әулиеата – Кітап оқитын өңір» бастамасы. Бұл жоба аясында ұйымдастырылған «Ой шебері» атты зияткерлік ойын жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын оятып, әдебиетке жақын болуға үндеді. Жоба барысында 10 000-нан астам адам зияткерлік сайыстарға қатысып, 1 000-нан аса кітап балаларға сыйлыққа берілді. Сонымен қатар, 350-ден астам команда аталған ойынға атсалысты. Бұл бастама жастардың ойлау қабілетін дамытуға, бос уақытын тиімді өткізуге және мәдени өсуіне бағытталған сәтті үлгілердің бірі болды.

Альянс сонымен қатар «Jamby 1 civil hub» жобасын іске асырып, өңірдегі үкіметтік емес ұйымдар үшін тәжірибелік әрі құқықтық қолдауды жүйелі түрде жолға қойды. Жоба аясында 100-ден астам ҮЕҰ өкілдеріне тегін кәсіби және құқықтық кеңестер берілді. Сондай-ақ, ҮЕҰ жұмысына қатысты өзекті мәселелер бойынша онлайн сабақтар ұйымдастырылып, олар 51 ұйымды қамтыды.

Азаматтық Альянстың бастамасымен еліміздің білікті сарапшыларының қатысуымен ауқымды семинарлар өтіп, «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауы ұйымдастырылды. Нәтижесінде бұл жобаларға 240-қа жуық үкіметтік емес ұйым тартылды.

Қоғамдық ұйымдар мен бастамаларға қолдау көрсетіп, оларды біріктіре отырып дамуға жетелейтін бұл құрылым — Жамбыл өңіріндегі азаматтық қоғамның қозғаушы күшіне айналып отыр. Бүгінгі таңда Альянс ҮЕҰ арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, ел дамуына нақты үлес қосып келе жатқан сенімді серіктес екенін дәлелдеді.

Ақпарат Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік ақпараттық тапсырыс негізінде жарияланды.

Тегтер: Азаматтық секторҮЕҰ
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда ҚХА медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

Таразда ҚХА медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

31.08.2026, 16:36
Таразда «Үміт шуағы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Таразда «Үміт шуағы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

31.08.2026, 16:30
«Әділет» партиясы Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

«Әділет» партиясы Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

25.08.2026, 17:25
«Халық үні» тобы: Өрескел заң бұзушылықтар тіркелмеді

«Халық үні» тобы: Өрескел заң бұзушылықтар тіркелмеді

24.08.2026, 14:19

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.