• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан мен ЕО экологиялық ынтымақтастықты кеңейтуде

Қазақстан мен ЕО су ресурстары және қалдықтарды басқару саласындағы экологиялық ынтымақтастықты кеңейтуде

19.06.2025
0
Қазақстан мен ЕО экологиялық ынтымақтастықты кеңейтуде
23
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Премьер-министр Олжас Бектенов су ресурстары мен қалдықтарды басқару мәселелеріне арналған «Қазақстан – Еуроодақ» диалогтік платформасының 17-ші отырысын өткізді.

Су қауіпсіздігін қамтамасыз ету, трансшекаралық ынтымақтастықты дамыту, су пайдалану тиімділігін арттыру және циркулярлы экономикаға көшу шаралары талқыланды. Сонымен қатар Қазақстанның ЕО-мен экологиялық технологиялар енгізу, инвестициялар тарту және озық тәжірибелер алмасу саласындағы әріптестігінің келешегі қаралды.

Премьер-министр өз сөзінде еліміздің су балансына жүктеменің күшеюі жағдайында су ресурстарын ұтымды әрі орнықты басқарудың маңыздылығын атап өтті. Қазақстан Үкіметінің алдында тұрған міндеттерді ескере отырып, оның ішінде су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту және су пайдаланудың тиімділігін арттыру, әсіресе, ауыл шаруашылығында Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасы іске асырылуда. Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы трансшекаралық ынтымақтастық аясында жүзеге асырылып жатқан бірқатар бастама оң бағаланды. Осылайша, Sustainable Energy Connectivity in Central Asia (SECCA) аясында тұрақты су пайдалану және энергия тиімділігін арттыру саласындағы пилоттық жобалар іске қосылды. Team Europe Initiative on Water, Energy and Climate Change өңірлік бағдарламасы Қазақстанның су секторына жеке инвестиция тарту құралы ретінде қызмет етедi.

Қалдықтарды басқару мәселесіне назар аударылды. Соңғы 10 жылда Қазақстанда қалдықтарды қайта өңдеу үлесі 1%-дан 25%-ға дейін өсті. 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 40%-ға дейін жеткізу жоспарлануда. Өндіруші жауапкершілігінің кеңейтілген жүйесін енгізудің, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату инфрақұрылымы мен технологияларын дамытудың рөлі ерекше атап өтілді.

Премьер-министр Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы әріптестікті нығайту экологиялық инновацияларды енгізу, инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру және «жасыл» күн тәртібін ілгерілету үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына тоқталды.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су ресурстарын орнықты басқару және халықаралық серіктестермен, атап айтқанда, Еуропалық Одақпен диалогті дамыту мәселелеріне үлкен мән береді. Бүгінгі кездесу – бұл жай ғана пікір алмасу емес, суды ұқыпты әрі әділ пайдаланатын болашақты бірлесіп қалыптастыруға арналған платформа, қалдықтар құндылық пен жаңа энергияның қайнар көзіне айналады, ал Қазақстан мен ЕО серіктестігі өңірдегі “жасыл” даму мен инновациялық көшбасшылықтың үздік үлгісіне айналады. Мүдделі тараптарды нақты жобаларды жүзеге асыру, технологияларды енгізу және экологиялық мінез-құлықты трансформациялау үшін күш біріктіруге шақырамын. Қазақстан Үкіметі бұл мәселелерде сенімді серіктес болуға дайын», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Үкімет

Тегтер: Еуропалық Одаққатты тұрмыстық қалдықҚР Премьер-МинистріҚР ҮкіметіОлжас БектеновСу ресурстарыэкология

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты