• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Үкімет басшысы Германия Бундесратының Президентімен кездесті

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Германия Бундесратының Президенті Анке Релингер сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

28.05.2025
0
Үкімет басшысы Германия Бундесратының Президентімен кездесті
26
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстанға ресми сапармен келген Германия Федеративтік Республикасы Бундесратының Президенті Анке Релингермен кездесу өткізді. 

Онда сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту және энергетика, металлургия, геологиялық барлау, өнеркәсіп кооперациясы, көлік және логистика, цифрлық технологиялар және басқа да салалардағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды. Мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға назар аударылды.

Қазақстан Премьер-министрі мен Германия Федеративтік Республикасы Бундесратының Президенті өзара сауда көлемін арттыру жоспарларын талқылады. Қазақстан – Германияның Орталық Азиядағы жетекші экономикалық серіктесі. Еліміздің үлесіне ГФР-дың Орталық Азия өңірімен жалпы саудасының 81%-ы тиесілі. Былтыр Қазақстан мен Германия арасындағы тауар айналымы 5,9%-ға өсіп, шамамен $4 млрд-қа жетті. Бұл ретте қазақстандық өнім экспорты 56,8%-ға өсіп, $1,2 млрд-ты құрады.

Кездесуде инвестициялық әріптестікке ерекше көңіл бөлінді. 2005 жылдан бері Қазақстан экономикасына шамамен $7,2 млрд көлемінде тікелей неміс инвестициялары салынған Оның ішінде 90%-дан астамы шикізаттық емес секторға тиесілі. Олар – өңдеу өнеркәсібі, химиялық өнімдер, құрылыс материалдары өндірісі, көлік және АӨК. Бірлескен инвестициялық портфельде бүгінде жалпы сомасы $54,4 млрд-тан асатын 65 жоба бар. Елімізде неміс капиталының қатысуымен 1100-ге жуық кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Жалпы сомасы $1,1 млрд-тан асатын 32 жоба сәтті аяқталған.

Қазақстан мен Германия арасындағы экономикалық қарым-қатынаста энергетика саласы маңызды рөл атқарады. Қазақстан ГФР-ға мұнай жеткізу бойынша үшінші орында тұр. Былтыр Германия 10,6 млн тонна Қазақстан мұнайын импорттаған. Келіссөздер барысында қазақстандық мұнайды ГФР-ға жеткізу көлемін арттыру перспективалары талқыланды.

Негізгі назар сутегі және «жасыл» энергетика саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға, минералды ресурстарды бірлесіп игерудегі әріптестікке, АЭА аумақтарында озық өнеркәсіптік кластерлер құруға және терең технологиялық кооперациялар жасақтауға аударылды.

«Біздің міндетіміз – еліміздің берік өнеркәсіптік іргесін қалыптастыру және экономикалық жағынан өз-өзімізді қамтамасыз етуге қол жеткізу. Біз өңдеуші секторды терең өңделген кластерлер құру арқылы жедел дамытуға баса назар аударып отырмыз. Басым бағыттарға металдарды қайта өңдеу, мұнай, газ және көмір химиясы, ауыр машина жасау, уранды конверсиялау және байыту, сондай-ақ автомобильдердің құрамдас бөліктері мен тыңайтқыштар жатады. Қазақстан германиялық бизнес үшін тартымды боларлық барлық факторларға ие. Бұл дегеніміз – әртараптандырылған энергия көздері, транзиттік және көліктік әлеует, маңызды табиғи ресурстар. Инвесторлар үшін бізде әртүрлі салықтай және кедендік жеңілдіктер қарастырылған»,— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Өз кезегінде Германия Федеративтік Республикасы Бундесратының Президенті Анке Релингер Қазақстанмен сауда-экономикалық байланысты нығайтуға мүдделі екенін білдірді.

«Біз сіздің еліңізге Орталық Азиядағы біз үшін маңызды мемлекет ретінде үлкен қызығушылықпен қараймыз. Саяси диалог пен мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың оң динамикасын сақтағымыз келеді. Экономика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту – біз үшін маңызды. Қазақстанды біз ең алдымен жақсы серіктес ретінде танимыз»,— деп атап өтті Анке Релингер.

Сондай-ақ сауда-экономикалық әріптестікті арттырудың негізгі факторы ретінде көлік-логистикалық өзара байланысты дамытудың маңыздылығы атап өтілді. Орта дәліз арқылы ЕО елдеріне, соның ішінде Германияға жүк көлемі былтыр 4,5 млн тоннадан асқан. Қазақстанның логистикалық әлеуетін кеңейту бүгінде бүкіл Еуропалық Одақтың мүдделеріне сәйкес келеді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар барлық перспективалық бағыттар бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту ниетін жеткізді.

Үкіметтің баспасөз қызметі

Тегтер: Германия-ҚазақстанҚР ҮкіметіОлжас Бектенов

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты