Экономика министрлігі мәліметінше, көлік (22,4%), сауда (7%) секілді салаларда даму қарқыны артқаны байқалады. Өсім ауыл шаруашылығы (3,9%) және байланыс (2,6%) салаларында да тіркелген.
Өнеркәсіп бойынша
Өнеркәсіпте өндіріс индексі 6,4%-ға жетті. Өсім тау-кен секторында байқалды: 7,1%, соның ішінде көмір өндіруді ұлғайту есебінен (11,2%) артып отыр.
Өңдеу өнеркәсібі бойынша
Өңдеу өнеркәсібінде көрсеткіш — 7,2%, оның ішінде тамақ өнімдерін өңдеу (12%), темекі өнімдерін (26,3%), химиялық өнімдерді өндіру (11,2%) және машина жасау (11,2%) бар.
Ауыл шаруашылығы бойынша
Ауыл шаруашылығы оң динамика көрсетіп отыр. Жалпы өнім индексі қаңтар-сәуір айларында 3,9% болған.
Көлік саласы бойынша
Көлік саласындағы өсім темір жол және құбыр көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметтер көлемі ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. Жоғары динамика мына өңірлерді тіркелді:
- Түркістан (21,8%),
- Жамбыл (11,2%),
- Абай (14,9%) облыстары.
Құрылыс саласы бойынша
Құрылыс саласында нақты жұмыс көлемінің индексі 16,2% болды.
Сауда бойынша
Сауда саласы бірінші тоқсандағы 6,3%-ға қарағанда 7% тұрақты өсім көрсетті. Көтерме сауда көрсеткіші 7,4%-ға, бөлшек сауда көрсеткіші 6,1%-ға дейін өсті. Бірқатар өңір:
- Түркістан облысы — жемістерді, көкөністерді, фармацевтикалық тауарларды сататын кәсіпорындар есебінен 60,4%;
- Ақмола облысы — астықты, тұқымдарды және мал азығын сататын кәсіпорындардың арқасында 44%;
- Шымкент — дизель отынын, фармацевтикалық тауарларды, қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарды сататын кәсіпорындар есебінен 19,8%-ға жоғары өсім көрсеткен.