• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 18:59
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Балаева #Анағақұрмет пост жазу эстафетасын бастады

turan_admin turan_admin
10.05.2025, 18:45
Қазақстан жаңалықтары
Аида Балаева

Аида Балаева

85
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Аналар күні орай аналарға деген сүйіспеншілік пен ризашылықтарыңызды білдіру мақсатында әлеуметтік желілерде #Анағақұрмет хэштегін пайдаланып, пост жазуды ұсынамын

Қымбатты достар!
Ертең елімізде Аналар күні атап өтіледі. Бұл мереке біздің елде алғаш рет 2023 жылы енгізіліп, содан бері мамыр айының әр екінші жексенбісінде тойланып келеді.
Әлемде Аналар күнін атап өту тарихы 100 жылдан асады. Бүгінде мереке әлемнің көптеген елдерінде ресми мәртебеге ие және мемлекеттік деңгейде аталып өтеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай: «Шын мәнінде, әрбір адам үшін анадан ұлы, анадан қымбат ешкім жоқ. Ең қастерлі құндылықтарымыз «Жер-ана», «Отан-ана» ұғымдарымен тығыз байланысты. «Ата ұлды, ана ұлтты тәрбиелейді» дейді. Бұл сөздің айрықша мән-маңызы бар».
Шынында да, әйелдердің қоғамдағы рөлі сан қырлы. Олар отбасына, балаларға қамқорлық жасайды, жаңа ұрпақты тәрбиелейді, елдің қоғамдық өміріне белсене қатысады.
Ұмай ана, Домалақ ана, Рабия Сұлтан Бегім, Айғаным, Зере, Ұлжан және басқа да көптеген қазақтың ұлы аналары – ана махаббаты мен қолдауы ұлы тұлғалардың мінезі мен тағдырын қалыптастыратынының жарқын мысалдары.
Биыл біз Аналар күнін 11 мамырда атап өтеміз. Бұл күн – бізге өмір, сүйіспеншілік пен қамқорлық сыйлаған жандарға арналған.
Ана – жылулыққа, нәзіктікке, шексіз сүйіспеншілік пен қолдауға толы бүкіл әлем. Бұл күн аналарымызбен өткізген әрбір сәттің қаншалықты қымбат екенін еске салып, оларды құрметтеудің маңыздылығын ұғындырады.
Шаңырақтарыңызда тек шаттық пен береке болсын! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, амандық тілеймін!
Халықты кеңінен хабардар ету және аналарға деген сүйіспеншілік пен ризашылықтарыңызды білдіру мақсатында әлеуметтік желілерде #Анағақұрмет хэштегін пайдаланып, пост жазуды ұсынамын.
Эстафетаны ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшелеріне, мәдениет қайраткерлеріне, БАҚ, ҮЕҰ өкілдеріне, қоғам қайраткерлері мен барлық қазақстандықтарға жолдаймын.
Тегтер: анағақұрмет
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50
Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.