«Sәlem Entertainment компаниясы актер Шәріп Серікпен әріптестік қарым-қатынасын тоқтату туралы шешім қабылдады. Соңғы оқиғаларға байланысты Sәlem Entertainment ұжымы Шәріп Серікті «қара тізімге» енгізіп, онымен кез келген ынтымақтастықты толығымен тоқтатты.
Бұған дейін жарияланған «Шакал» сериалы мен Qarga сериалының үшінші маусымы ресми түрде жабылды. Сонымен қатар, актер Meow сериалының екінші маусымында басты рөлдердің бірін сомдауға тиіс болған, алайда ол жобадан толықтай алып тасталды», — деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ, «Патруль: последний приказ» фильмінің шығармашылық ұжымы актер түскен көріністерді кинонұсқадан алып тастау үшін белсенді жұмыс істеп жатқаны белгілі болды.
«Актермен барлық келісімшарт тоқтатылды», — деді компания өкілдері.