• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Ұлттық құрылтай. Бектенов Президент тапсырмаларына қатысты кеңес өткізді

Олжас Бектенов Президенттің Ұлттық құрылтайдың IV отырысында айтқан тапсырмаларының орындалу барысы жөнінде кеңес өткізді

17.03.2025
0
Ұлттық құрылтай. Бектенов Президент тапсырмаларына қатысты кеңес өткізді
8
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Премьер-министр Олжас Бектенов биылғы 14 наурызда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында айтылған Президент тапсырмаларын жүзеге асыру мәселесі бойынша кеңес өткізді.

«Мемлекет басшысы IV Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде ішкі саясат пен экономика саласындағы еліміздің алдында тұрған даму бағдарын белгілеп берді. Экономиканың өсуіне, ірі инфрақұрылымдық және энергетикалық жобаларды жүзеге асыруға, цифрландыру мен адам капиталын дамытуға қатысты көптеген маңызды мәселелерге назар аударылды. Ең бастысы – Президент тапсырмаларын сапалы орындау», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Министрліктердің жүктелген міндеттерді жүзеге асырудағы тәсілдері тыңдалды.

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин экономиканың өсуіне жаңаша серпін беру және өңірлік дамудағы теңгерімсіздіктерді жою, әділ және тиімді салық жүйесін дамыту, салықтық әкімшілендіруді жетілдіру жұмыстары туралы баяндады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2025-2030 жылдарға арналған өңірлік саясат тұжырымдамасының жобасы мен шекара маңындағы аумақтарды дамыту бойынша жеке заң әзірленеді.


Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Президенттің тапсырмасы аясында алдағы екі жылда энергия жүйесінің қуатын шамамен 3 ГВт-қа арттыратын бірқатар жаңа жобаларды іске асыру жоспарланып отырғанын хабарлады. Бұдан басқа, 2026 жылы Қашағандағы қуаты 1 млрд м3 жаңа газ өңдеу зауытын, «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбырын және «Бейнеу–Бозой–Шымкент» газ құбырының екінші желісін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сондай-ақ атом саласын дамыту мәселелеріне назар аударылды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев бюджеттік жоспарлау саласына жасанды интеллектіні енгізу және бюджеттің кіріс және шығыс бөлігін болжаудың зияткерлік моделін әзірлеу туралы баяндады. Сондай-ақ дата-орталықтардың қуатын ауқымды кеңейту жоспарлануда, бұл Қазақстанның өңірлік IT-хаб ретіндегі ұстанымын нығайтады.

Көлік инфрақұрылымын дамыту шеңберінде «Астана – Жантеке – Егіндікөл – Арқалық – Торғай – Ырғыз» бағыты бойынша жалпы ұзындығы 791 шақырым дәлізді енгізу есебінен орталық және батыс өңірлер арасындағы жолды қысқарту жоспарлануда. Ол үшін «Астана – Жантеке», «Жантеке – Егіндікөл», «Арқалық – Торғай» жол учаскелерін жөндеумен қамту көзделген. «Ырғыз – Торғай» және «Арқалық – Егіндікөл» арасындағы жолдарды салу қажет болады. Арқалық әуежайына да реконструкция жасалады: заманауи аэровокзал салу және ұшу-қону жолағын жаңарту көзделіп отыр.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева кино саласындағы заңнаманы күшейту бойынша басталған жұмыстар, балаларға арналған қазақ анимациясын дамыту жоспары туралы баяндады. Президенттің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шарттарын қайта қарау және үкіметтік емес ұйымдар туралы заңнаманы жетілдіру туралы тапсырмаларын орындау мақсатында ҮЕҰ өкілдерінің арасынан сараптамалық комиссия құрылды. Сондай-ақ ЮНЕСКО қамқорлығымен Мәдени мұраны сақтау және ілгерілету жөніндегі кешенді жоспардың жобасы әзірленгені атап өтілді.

Білім беру саласында «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өскелең ұрпақты зорлық-зомбылықтан қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сапалы білім мен медициналық қызмет көрсетуге қол жеткізуге, ерекше қажеттіліктері бар балаларға тең мүмкіндіктер беруге бағытталған арнайы заң әзірленетін болады. Елімізде 11 аутизм орталығы жұмыс істейді, әр аймақта тиісті мекемелер ашу қажеттілігі атап өтілді. Сонымен қатар сұранысқа ие мамандықтарды даярлау үшін жағдай жасау да алдағы жоспарлардың қатарында тұр. Сапалы инфрақұрылымды дайындауға ерекше назар аударылатын болады. Мәселен, 1,2 мың орындық халықаралық колледж салу жоспарланған.


Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов футболды дамыту шаралары туралы хабарлады. Бүгінгі таңда Қазақстанда 28 негізгі стадион бар. ALAN футбол алаңдарын жаңарту жобасы аясында соңғы екі жылда 18 алаң реконструкциядан өтті, биыл тағы 9 алаң жаңартылады.

Биоалуантүрлілікті сақтау және экологиялық мәдениетті нығайту жөніндегі тапсырмаларды іске асыру туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев баяндады. Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісі 35 жыл ішінде 869 мың гектардан 30,9 млн гектарға дейін кеңейтілді. Жануарлардың сирек кездесетін түрлерін, соның ішінде барысты қорғау және тұран жолбарысы мен Пржевальский жылқысы сияқты жойылып кеткен түрлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта киіктің саны рекордтық 4,1 млн басқа жетті, одан әрі өсу күтіліп отыр. Табиғатты қорғау шараларын нығайту мақсатында биоәртүрлілікті сақтау тұжырымдамасы әзірленуде, сондай-ақ «Таза Қазақстан» бастамасы шеңберінде экологиялық мәдениетті нығайту бойынша жұмыстар атқарылуда.

Еліміз АӨК-де астық пен ұн экспортындағы ұстанымын нығайтуды жалғастырып, терең өңдеу қуатын арттырады. Алдағы 3 жылда 1,5 мың жұмыс орнын ашатын жалпы құны $560 млн-ды құрайтын 3 ірі жоба іске қосылады.

Премьер-министр өз сөзінде Мемлекет басшысы атап өткен бағыттар бойынша сапалы және жедел жұмыс істеу қажеттігін атап өтті. Министрліктер мен әкімдіктерге бірқатар тапсырмалар берілді. Салық реформасы шеңберінде түзетулердің бірінші пакеті Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілді.

«Кейбір мәселелерді түбегейлі шешуге мүмкіндік беретін қосымша ұсыныстар әзірленді. Бұл ретте бюджет қаражатын оңтайлы жұмсауға және республикалық бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз етуге баса назар аударған жөн», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Қаржы министрлігіне және мүдделі мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.

ЦДИАӨМ мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторда жаңа цифрлы технологияларды енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды. Бұл жұмысқа IT-мамандарды тарту қажет.

«Мемлекет басшысы Үкіметке Астанадан Торғай өңірі арқылы Транскаспий көлік дәлізіне тура шығатын жаңа автокөлік жолының құрылысына кірісуді тапсырды. Көлік министрлігі осыған дейін әзірленген техника-экономикалық негіздеме мен жобалау-сметалық құжаттаманы жедел өзектендіріп, қаржыландыру көздерін анықтасын. Жол құрылысына биыл кірісу қажет», — деп атап өтті Премьер-министр.

АШМ-ге астықты терең өңдеу және экспортты дамыту бойынша кешенді жоспар әзірлеу тапсырылды. ЭТРМ Үкіметке табиғи биологиялық әртүрлілікті сақтау жөніндегі халықаралық қор құру туралы шешім жобасын енгізуі қажет. Туризм, Мәдениет министрліктері аймақ басшыларымен бірлесіп, әр өңірде туристер үшін тартымды орындарды насихаттау шараларын пысықтауы қажет. Қазақстанның табиғи және мәдени байлығының Ұлттық атласын құру тапсырылды.

ІІМ мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп 2025-2030 жылдарға арналған заң және тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдаманы пысықтауды, сондай-ақ нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу жөніндегі таяу кезеңге арналған жаңа бағдарламалық құжатты әзірлеуді тапсырды.

Атом энергетикасын, театрларды, киноларды, ғылыми қалаларды дамыту, білім беру, медициналық және спорт нысандарын жаңғырту бойынша бірқатар міндет жүктелді.

Сонымен қатар ТЖМ мен әкімдіктерге ауқымды су тасқынына жол бермеу жөнінде қажетті шаралар қабылдау, сондай-ақ ахуалға тәулік бойы мониторингті қамтамасыз ету тапсырылды.

Үкіметтің баспасөз қызметі

Тегтер: КЕҢЕСҚасым-Жомарт ТоқаевҚР ПРЕЗИДЕНТІҚР Премьер-МинистріОлжас БектеновҰлттық құрылтай
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

08.05.2025
Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

08.05.2025
Таразда дәрігерлік амбулатория ашылды

Таразда дәрігерлік амбулатория ашылды

08.05.2025
Жеңіс күні: Ардагерлерге 545 млн теңге төленді

Жеңіс күні: Ардагерлерге 545 млн теңге төленді

08.05.2025
Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды

Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды

08.05.2025
Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

08.05.2025
Қазақстанда қосымша пойыздар қосылады

Қазақстанда қосымша пойыздар қосылады

08.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты