Тіл – адам баласының ғана емес, ұлттың, халықтың, қоғамның болмысын көрсететін құбылыс.Адамзаттық құндылықтар қатарында тіл ғылымнан да, мәдениет пен өнерден де бұрын аталады. Ғылым да, мәдениет те, өнер де, материалдық игіліктер де, саясат та тілдің қатысумен жасалады. Тілдің адамның жан-дүниесіне өлшеусіз әсер ете алатын құдіреті саяси теттік ретінде ертеден-ақ пайдаланған.
Қазақ тілі – өте бай тіл. Ол шаруашылықтың бас саласын өркендете түсуге себепші күш, халқымыздың мәдени дәрежесін көтере беруші пәрменді құрал, жұртшылықты жаппай отаншылдық рухта тәрбиелеудің құралы, қуатты қаруы. Ана тілі – ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау. Ұлт мәдениетінің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы ана тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюімен тығыз байланысты.
Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан – ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұра. Ана тілдің қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Азаматтың қолындағы барлық асыл заттары тозады, жоғалады, ал тіл тозбайтын ең қымбат мұралардың бірі.
Аталғандарға қоса, Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соттада іс қағаздар, жұмыс жоспарлары, оларды орындау материалдары, номенклатуралар, мемлекеттік тілде жүргізілетінін атап өтеміз. Заңды тұлғалардан да келіп түсетін сауалдардың мемлекеттік тілде ұсынылуы соңғы жылдары көбейгендігін байқауға болады.
Тараз қаласының әкімшілік құқық
бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған
соты әкімшісінің бас маман – сот мәжілісінің хатшысы
Ш.С.Исмаилова