Үкімге сәйкес, сотталған тұлға 01.11.2024 жылы «Beeline» орталығына хабарласып, тарифтік жоспарына ақша бірлігі негізсіз алынғанына ашуланып, Тараз қаласында орналасқан орталыққа жарылғыш зат қойғанын және түнгі 00:00 уақытта жарылатынын көрінеу хабарлаған.
Өз кезегінде, аталған орынға Жамбыл облысының құзырлы органдары барып, жарылғыш заттың жоқ екендігін анықтаған.
Осылайша, сот отырысында прокурордың мемлекеттік айыптаудың сапалы қолдауымен «жалған хабарлаушының» кінәсі дәлелденіп, сотпен 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың тұрақты жұмысына кедергі келтіргені үшін сотталғанға айтарлықтай мөлшерде ақша қаражатын мемлекетке өндіру міндеттелді.
Еске сала кетсек, терроризм актісі туралы көрiнеу жалған хабарлағаны үшін ҚР ҚК-нің 273-бабымен 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Тараз қаласының прокуратурасы