• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 17:32
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақстанда ұялы байланыс қымбаттап жатыр

Қазақстандықтар байланыс пен интернет тарифтері бағасының көтерілгеніне шағымданып жатыр. Расымен де, кейбір ұялы байланыс операторлары 2025 жылы тарифтердің көтерілетінін хабарлады. Неліктен бұлай болды және Цифрлық даму министрлігі бағаның көтерілуі туралы не дейді?

turan_admin turan_admin
05.02.2025, 15:24
Жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары
Облыста Қазақтелекомның лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр
636
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бұған дейін Цифрлық даму вице-министрі Асхат Оразбек министрлік сонау 2017 жылы қабылданған Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, операторлардың тарифтеріне әсер ете алмайтынын мәлімдеген еді. Алайда операторлармен олардың қызметтерінің бағасына қатысты келіссөздер жүргізіліп жатқан көрінеді.

«Жыл соңында (2024 жылы) халықтың көңіл күйін сәл көтеру үшін баға өспейді деп келістік», — деді вице-министр 21 қаңтарда өткен үкімет брифингінде.

Тарифтерді кім және не үшін көтеріп отыр?

Тарифтердің көтерілуі туралы байланыс операторларының өзі не дейді? Өкінішке қарай, Kcell/Activ баспасөз қызметі Tengrinews.kz порталының 14 қаңтардағы ресми сауалына әлі жауап бермеген.

Айта кетейік, компания кейбір тарифтер бойынша абоненттік төлемді 13 желтоқсанда көтеруді жоспарлаған еді. Алайда кейінірек оператор қолданушыларына бұл өзгерістен әзірше бас тартқаны туралы SMS жіберді.

Байланыс операторларының ресми сайттардағы хабарландыруларына қарағанда, кейбір тарифтер бойынша абоненттік төлем 2025 жылғы 26 ақпаннан бастап өзгереді.

Kcell-дің негізгі акционері — «Самұрық-Қазына» қоры арқылы мемлекетке тиесілі «Қазақтелеком».

Beeline 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап абоненттік төлемді көтерді. Компания мұның себебін инфрақұрылымға тұрақты инвестиция салумен байланысты екенін түсіндірді. Кейінгі бір жылда компания 500-ден астам базалық станцияны орнатып, 3 000 учаскедегі жабдықты жаңартқан, 230 шақырым талшықты-оптикалық кабель жүргізіп, жаңа технологияларды енгізді.

Оператор сонымен қатар макроэкономикалық факторларды да: телекоммуникациялық жабдық құнының өсуін, электр энергиясы тарифтерінің және валюта бағамының ауытқуын да атап өтті. Бұл өзгерістер, компания өкілдерінің айтуынша, тарифтерді қайта қарауға мәжбүр етеді.

Beeline кейінгі төрт жылда олардың күрделі қаржы шығындары 300 миллиард теңгеден асқанын айтты.

Компания сайтында абоненттерге кейінгі бірнеше жылдағы доллар-теңге бағамының өзгеру графигі көрсетілген үндеу жарияланды. Үндеу авторлары 2018 жылғы қаңтарда доллар 332 теңге болғанына баса назар аударды.

Қазақстандағы Beeline бренді «КаР-Тел» ЖШС-на тиесілі. Компания акцияларының 75 пайызы нидерландтық Veon холдингінің иелігінде. Ал компанияның 25 пайызы Болат Өтемұратовқа тиесілі.

Tele2/Altel 2025 жылғы 11 ақпаннан бастап кейбір тарифтер бойынша абоненттік төлем мен қызмет көрсету көлемін өзгертеді. Компания тарифтердің көтерілуі желілерді дамыту мен жаңғыртуға, оларға техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге жұмсалатын шығындардың, доллар бағамының және құрал-жабдықтар бағасының өсуіне байланысты екенін мәлімдеді.

Тарифтерді көтеру заңды ма?

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ұялы байланыс операторлары «Кселл» АҚ, «Мобайл Телеком Сервис» ЖШС және «Кар-Тел» ЖШС-на (Beeline) қатысты 2024 жылы басталған тексерудің тоқтатылғанын хабарлады. Операторлар сот тәртібімен тергеу жүргізу туралы бұйрықтарға қарсы шыққан.

«Сонымен қатар «Кселл» АҚ мен «КаР-Тел» ЖШС-ның 2024 жылдың желтоқсан айынан бастап бірқатар тарифтік жоспар бойынша ұялы байланыс тарифтерін көтеру туралы мәлімдемесіне байланысты агенттік осы операторларға бәсекелестік заңнамасын бұзуға әкеп соғуы мүмкін әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол берілмейтіні туралы ескерту жасады», — деп толықтырды ведомство.

Тегтер: Kcell/ActivTele2/Altelинтернет тарифтері бағасы
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50
Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.