Жобада «Болашақ» халықаралық стипендиясына құжат қабылдау 2025 жылғы 3 наурыз бен 17 қазан аралығында жүргізу жоспарланып отыр. Ал конкурсты өткізу 2025 жылғы 1 сәуір мен 31 желтоқсан аралығы болып бекітілсін делінген министрдің бұйрығында. Құжат жобасы биыл 23 қаңтарға дейін қоғамның талқысына ұсынылып отыр.
Айта кетейік, «Болашақ» халықаралық стипендиясы Қазақстанда 1993 жылы 5 қарашада құрылған. Бұл бағдарлама талантты қазақстандық жастарға шетелде сапалы білім алу мүмкіндігін беру үшін іске қосылды және тәуелсіздік алғаннан кейінгі ең алғашқы білім беру бастамаларының бірі болып табылады.