Жамбыл облысы Ақбұлым ауылының манындағы шаруа қожалықтың моншасында А. есімді азамат Өзбекстан елінің «О» есімді азаматын ұрып-соғып өлтіріп қояды. Мәйітті алғаш болып шаруа қожалықтың иесі тапқан.
Оқиға 26 қазан түнгі уақытта орын алған. Екі азамат ішімдік ішіп отырып келіспей қалып,малдың астын тазалауға арналған темір сүрткішпен ұрып өлтіріп қойған. Оқиға орыннан айғақ ретінде малдың астын тазалауға арналған темір сүрткіш алынды.
Жедел іздестіру тобының тез әрекет салдарынан бұрын сотты болған, малшы А. есімді азамат ұсталынып, екі айға қамаққа алынды. Жауап алу барысында малшы А. есімді азамат өзінің кінәсін толығымен мойындаған.
TURANINFO.KZ