ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА «ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМДАСЫҒЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ЖҰМЫС ЖАСАУДА. ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМДАСЫҒЫНЫҢ басшысы Лештаева Меруерт Коттабайқызы.
Бірлестіктің мақсаты әйел азаматтарының мәртебесін көтеру, іскерлікке баулу, көпбалала аналарға жол көрсету, отбасылық ұлттық тәрбиені насихаттау.
Облыста іскер әйелдердің жоғары мәртебесі мен имиджін қалыптастыру, бастаманы дамытуға, әйелдер көшбасшылығы мен кәсіпкерлігін ілгерілетуге, отбасы институтын нығайтуға және гендерлік мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. «Әйел және бизнес» бағыты бойынша: «Іскерлік байланыстар», «Менторинг», «Мастерминд» — «Әйел және жұмыспен қамту» бағыты бойынша: «Білгенімен бөліс» авторлық бағдарламаларын жүзеге асырады. «Отбасын қолдау мектебі», «Саналы ата-ана мектебі», «Жас отбасы» ақпараттық курсы, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары мен агрессорларға арналған консультациялар, қоғамдық қабылдаулар, тренингтер, «Отбасы – өнер ордасы», «MamaFest» отбасылық шығармашылық фестивальдері, қыздарға арналған «Chess Ханшайымы Taraz» облыстық шахмат турнирі, «Ынтымағы жарасқан отбасы», «Дәстүрге жол» отбасылық марафонын жыл сайын өткізуде.