Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауовтың айтуынша, тиісті ақпараттық жүйені әзірлеу бойынша шаралар басталды.
«Бұл жүйе өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өндірісі мен шығу циклін бақылауға «танаптан сөреге дейін» көруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жоба өсімдік шаруашылығында субсидиялардың әсерін бағалауға көмектеседі», — деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Орталық коммуникациялар қызметі