Қазақстанда жыл сайын күн жылына бастағанда, сондай-ақ жазғы мектеп демалысы кезінде балалардың терезеден құлап кету жағдайының өсуі байқалады, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Мұндай фактілер тіркелген кезде балалар ауыр жарақат алып, мүгедек немесе қайтыс болатынын атап өткен жөн», — деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Ведомствоның хабарлауынша, жыл басынан бері 112 шұғыл әрекет ету қызметі кезекшісінің пультіне 102 хабарлама түскен. Жазатайым оқиға салдарынан жеті адам қайтыс болды, қалған 95-і әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Былтыр осындай 170 оқиға тіркелді.