• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Рахимжанов: Өңірімізге тек қызғалдақты тамашалауға келген турист саны 2 мыңнан асты

Облыста экологиялық туризмді дамыту мақсатында бірқатар жұмыс тұрақты түрде атқарылуда.     

30.05.2024
0
Рахимжанов: Өңірімізге тек қызғалдақты тамашалауға келген турист саны 2 мыңнан асты
64
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Дүниежүзiлiк туристiк ұйым сарапшыларының деректерi бойынша соңғы он жылда экологиялық туризм өте қарқынды дамып, кез келген мемлекеттiң тұрақты даму құралына айналған.

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасының «Тараз-Туризм» туристік ақпараттық орталығының директоры Маханбет Рахимжанов «Өңіріміздегі экотуризмді дамыту әлеуеті» туралы брифинг барысында айтты.

Экологиялық туризмнің дамуы бірінші кезекте жабайы табиғатты сақтауға, экологиялық білімді жетілдіруге және келешек ұрпақты тәрбиелеуге, халықтың табысының және өмір сүру деңгейінің жоғарлауына ықпал етеді, бұл өз кезегінде Жамбыл облысының көркеюі мен тұрақты дамуына мүмкіндік береді.

Облыста экологиялық туризмді дамыту мақсатында бірқатар жұмыс тұрақты түрде атқарылуда.

Атап айтқанда, Жуалы («Берікқара» қаумалы), Меркі («Меркі» қаумалы), Қордай («Қарақоңыз» қаумалы) аудандарында орналасқан қаумал аумақтарында экотуризмді дамыту мақсатында жер телімдері  жеке тұлғаларға уақытша пайдалануға беріліп, ол жерлерде заң талаптарына сәйкес туристік аймақтар ашылуда.

Сонымен қатар, осы жылы 50 оқушы қатысқан ерекше қорғауға алынған табиғи аймақтарға арнайы нұсқаушылардың қатысуымен танымдық турлар ұйымдастырылып, өткізілді.

Ағымдағы жылы 50-ге жуық жоғары сынып оқушылары мен колледж білімгерлерінің қатысуымен, Мақпал шатқалында тауға өрмелеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша облыс альпинистері практикалық сабақтар өткізді.

Меркі, Жуалы және Жамбыл аудандарының  таулы аймақтарында 40-қа жуық адамды қамтыған эко-акциялар ұйымдастырылды. Оған жоғары сынып оқушылары мен мемлекеттік мекеме ұжымдары қатысты.

Тау шатқалдарында 10 туристік соқпақ зерттеліп әзірленді.

Сонымен қатар, 2019 жылдан бастап облыстық және республикалық деңгейлерде қызғалдақ гүлін қорғау және насихаттауға арналған фестиваль өткізіліп келеді. Осы уақытқа дейін бұл іс шараға 70-ке жуық туроператор және 5 шетелдік ғалым қатысқан. Нәтижесінде, өңірімізге тек қызғалдақты тамашалауға келуші туристер саны осы жылдың өзінде 2000 адамнан асты.

Облыстың экологиялық тұрғыдағы көрнекті орындары туралы, қоршаған ортаға залал келтірмеу, әсіресе қызғалдақ гүлі өсетін табиғи аумақтарды сақтау мәселелері көтерілген  «Қызғалдақтар — Мұра» атты деректі фильм түсірілді.

Алдағы уақытта осы бағыт бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.

Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Тегтер: Жамбыл облысықызғалдақТуристэкотуризм

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

Мойынқұмда «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы өтті

01.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты