Астана қалалық қылмыстық істер бойынша ауданаралық сот осындай үкім шығарды.
Сот үкімімен М. аса ірі мөлшерде алаяқтық жасауда кінәлі деп танылып, 5 жылға сотталды. Ол жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және квазимемлекеттік субъектілер секторында 10 жыл уақыт мерзімінде қызметке орналасу құқығынан айырылды, — делінген сот қаулысында.
Сонымен қатар сот үкімімен сотталушыдан «қылмыстық жолмен алынған» 5,8 млрд теңге мемлекет пайдасына тәркіленді.
Бұдан бөлек Мырзахметов бірқатар мемлекеттік наградаларынан айырылды.
Еске салсақ, «Атамекеннің» экс-басшысы Боранбаевтың бауырынан аса ірі мөлшерде пара алды деп айыпталды.