• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 19:47
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қордайлық кәсіпкер Бақтығали Құдайбергенова мүгедектер арбасы кедергі емес

Бүгінгі коғамда ерекше кажеттілігі бар жандарға көмек көрсету, жан-жақты қолдау маселелеріне айрықша мән берілуде. Десекте, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың барлығы дерлік үкіметтен жәрдем күтіп, кол қусырып отырған жоқ.

turan_admin turan_admin
04.05.2024, 12:59
Азаматтық қоғам институттары, Аудан жаңалықтары
Қордайлық кәсіпкер Бақтығали Құдайбергенова мүгедектер арбасы кедергі емес
74
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Олардың арасында он екі мүшесі сау адамға үлгі боларлық іс атқарып, өз кәсібін дөңгелетіп отырғандары да баршылық. Сондай қайсар жандардың бірі — Қордай ауданы Жаңатұрмыс ауылының тұрғыны Бақтығали Құдайбергенов.

Қырық сегіз жастағы азамат арбаға таңылған бірінші топтағы мүгедек. Қимыл-қозғалыс мүмкіндігінің шектеулі болғанына қарамастан, жастайынан еңбекке араласып, дәнекерлеу жұмыстарымен, ағаштан жиһаз бұйымдарын жасаумен айналысып, нәпақасын тауып келеді.

Алайда, бір жарым жыл бұрын денсаулығына байланысты тапсырысқа жиһаз жасау кәсібін тоқтатып, мүлдем басқа салаға ауысыпты. Қазіргі уақытта ол ауыл шаруашылығындағы ең қажетті тынайтқыштың бірі — биогумус өндіру кәсібін қолға алған. Яғни, Казақстанға бейімделген калифорниялық қызыл шылаушынның көмегімен органикалық қалдықтарды (мәселен, төрт түлік малдың қиы, кұс саңғырығы, қураған шөп, көкөніс сабақтары, арпа-бидай сабағы, т.б.) залалсыздандыра отырып, өндеумен айналысады. Өткен жылы «Органикалық қалдықтарды өңдеу арқылы вермикомпост өндіру» курсынан өтіп, аталмыш саланың қыр-сырын үйренеді. Осыдан кейін үйінің ауласындағы 10 сотық жерде жауын кұрты арқылы көңд өндеу ісін бастапты.

«Қазір мұнда 600 шаршы метр қызыл шылаушын бар. Калифорниялық қызыл құрттардың қарапайым кұрттан айырмашылығы — ұзақ өмір сүруінде. Олардың арнайы кұжаты бар. Қызыл шылаушын осы көңмен қоректенеді, одан шыққан дүниені биогумус деп айтамыз. Бұл — ешқандай қоспасыз табиғи өнім. Осы тыңайтқыштар арқылы таза, органикалық өнім аласыз», — дейді Бақтығали аға.

Шындығында, биогумустың артықшылықтарына мамандар жақсы қанық. Біріншіден, бұл өнім арқылы мал шаруашылығымен айналысатын азаматтар үшін көң шығару мәселесі шешіліп отыр. Екіншіден, одан таза, органикалық тыңайтқыштар алынады. Сондай-ақ, олар өнімділікті арттырып қана қоймай, жеміс-жидек, көкөністердің сапасына, дәміне оң әсер етеді.

«Адамдардың өнімге деген қызығушылығы артып келеді. Әcipece, диқандар арасында сұраныс жоғары. Қордай ғана емес, өзге аймақтардан да тапсырыс берушілер кездеседі. Өткен жылдың күзінен бері 30-35 текше метр тыңайтқыш өткіздім. Тағы 20 текше метр қалды, оны Алматыға жіберуге дайындап отырмыз. Әзірше дымқылдау болып тұр, 1-2 күнде кептіріп, жөнелтеміз. Ал жалпы биыл 100-150 текше метр өндіру жоспарда бар. Тыңайтқышты банкіге салып сатамыз, 1 литрі 100 теңгеден»,- деп алдағы жоспарымен бөлісті кәсіпкер.

Қазір Тұрар Рысқұлов ауданында вермикомпост өндірумен 46 адам айналысады екен. Кордай ауданында бұл істі алғашқылардың бірі болып бастаған Бақтығали аға енді ауданда осы сала мамандарының басын біріктіретін өндірістік кооператив ашуды жоспарлап жүр.

«Негізі бұл тыңайтқыштар шетелде бұрыннан белгілі және жоғары сұранысқа ие. Біздің елде жаңадан дамып келе жатқандықтан, үлкен қолдауды қажет етіп отыр. Алматы облысында отандық биогумус өндіретін ірі кооператив жумыс істейді. Осындай кооперативті өзіміздің Кордайда да құрсақ деген мақсат бар. Алайда бүгінде біздегі басты проблема — жер маселесі болып отыр. Кәсіпті одан әрі кеңейтейік десек, жер тапшылығы аяққа тұсау болуда. Сондықтан, осы ісімізді қолдайтын инвесторлар, немесе бірігіп жұмыс істеймін деушілер болса нұр үстіне нұр болар еді »,-дейді кәсіпкер.

Иә, ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту мемлекет алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Мемлекет басшысы VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде де дәл осы тақырыпты қозғаған болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл кәсіпкерлігін дамытуды ауыл шаруашылығы кооперациясы арқылы жүзеге асыру керектігін, топырақтың кұнарын сақтап, оны жақсарту үшін жүйелі шаралар қабылдау қажеттігін баса айтқан-ды.

Әңгіме барысында Бақтығали Құдайбергенов 2022 жылы ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен органикалық тынайтқыштарды субсидиялау жөніндегі пилоттық жоба жарияланғанын және оның кәсіп бастаймын деушілерге зор мүмкіндік екенін айтып қалды.

«Диқандар, шаруа қожалықтары, ауыл шаруашылығы кооперативтері органикалық тыңайтқыш турлері-биокомпост, биогумус, тыңайтқыштық сүйық түрі биомиксті ең аз көлемде сатып алып қолданса, оларға жобаға қатысқандарын растайтын сертификат беріледі. Екіншіден, биогумусты қолдану арқылы алған өнімі жайлы мағлұмат беріп, келесі жылға да өтінім қалдырса, оның қанша өнім алғанына қарамастан 50%-ын мемлекет төлеп береді. Жалпы минералды тыңайтқыш өндіру ісінің бабын білсеңіз өте тиімді кәсіп. Бұл салада ең бастысы еңбек пен шыдамдылық қажет»,-дейді маман.

Кейіпкеріміз алты баланың әкесі. Оның кәсібіне балалары және көрші тұратын бауырлары да қолғабыс етеді. Бақтығали ағаның ерік- жігеріне, таңдаған ісіне деген сүйіспеншілігіне, ауданды көркейтсек деген ниетіне риза болдық. Кәсіптің көзін тапқан қайсар жанның ойға алған жоспарларының орындалуна, ісінің одан әрі жандана беруіне тілектеспіз.

Мақала Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясаты тапсырысы негізінде жарияланды

Тегтер: еңбек адамы
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда ҚХА медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

Таразда ҚХА медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг өтті

31.08.2026, 16:36
Таразда «Үміт шуағы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Таразда «Үміт шуағы» жобасы аясында «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

31.08.2026, 16:30
«Әділет» партиясы Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

«Әділет» партиясы Жамбыл облысындағы үгіт-насихат науқанын қорытындылады

25.08.2026, 17:25
«Халық үні» тобы: Өрескел заң бұзушылықтар тіркелмеді

«Халық үні» тобы: Өрескел заң бұзушылықтар тіркелмеді

24.08.2026, 14:19

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.