• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан заманауи газ өңдеу өнеркәсібін құрады

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Энергетика министрлігі және «ҚазМұнайГаз», QazaqGaz, «Самұрық-Энерго», KEGOC, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ компаниялары басшылығының қатысуымен Энергетикалық кеңес отырысы өтті.

03.05.2024
0
Қазақстан заманауи газ өңдеу өнеркәсібін құрады
54
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Күн тәртібінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қатар мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни арасында биылғы ақпан айында қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалуын бақылау мәселесі қаралды.

«QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов бірлескен газ жобаларын іске асыру барысы туралы баяндады. Қатардың UCC Holding компаниясымен бірге қуаттылығы жылына 1 млрд м3 және 2,5 млрд м3 болатын екі газ өңдеу зауыты, жаңа КС-14 компрессорлық стансасы және «КС-14-Қостанай-Ақтөбе» магистралды газ құбыры, сондай-ақ «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГҚ екінші желісі салынады.

ГӨЗ құрылысы өңдеу қуатын арттыру арқылы шикі газды тиімді пайдалануға бағытталған. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырының екінші желісін салу оңтүстік, орталық және солтүстік өңірлерді газбен жабдықтаудың, сондай-ақ экспорт көлемін сақтаудың арқасында Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жаңа компрессорлық станса мен «Ақтөбе-Қостанай» магистралды газ құбырын іске қосу Қостанай облысының халқы мен өңірдің өнеркәсіп кәсіпорындарын көгілдір отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жиынға қатысушылар мәміленің негізгі шарттарын бекітті. QazaqGaz және UCC Holding жалпы маңызды төрт жоба бойынша ортақ келісімге келгені атап өтілді. Алдағы уақытта оларды бірлесіп жүзеге асыру жұмыстары басталады.

Премьер-Министр жобаларды іске асыру кезінде QazaqGaz ұлттық компаниясы тобының ішкі құзыреттерін және отандық өндірушілердің өнімдерін барынша пайдалануды тапсырды. Сонымен қатар Энергетика министрлігіне газ саласының табыстылығын әрі қарай арттыру жөнінде тапсырмалар берілді.

Қазақстан Президенті мен Қатар Әмірі арасындағы уағдаластықтар еліміздің экономикасы үшін аса маңызы бар бірқатар мега-жобаларды бірлесіп іске асыруға мүмкіндік береді. Біз Қазақстанда заманауи қуатты газ өнеркәсібін құру жолында орнықты түрде алға жылжып келеміз. Жобаларды іске асыруда ешқандай іркілістер болмауы керек. Барлық мәселе менің жеке бақылауымда, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Айта кетейік,  Энергетика министрлігі мен QazaqGaz мәліметтеріне сәйкес, 2024 жылы Қазақстанда газ өндіру көлемі 60,456 млрд м3 дейін өседі деп күтілуде. Өндірістің 85%-дан астамын Теңіз (27%), Қарашығанақ (38%) және Қашаған (20%) жобалары қамтамасыз етіп отыр. Газ саласының даму қарқынын елімізде соңғы жылдары газ өндірудің тұрақты өсіп келе жатқанынан байқауға болады. 2024 жылы тауарлық газ өндірісі 28,054 млрд м3 көлемінде жоспарланып отыр. Газдың болжамды балансына сәйкес 2024 жылы ағымдағы ішкі тұтыну 20,9 млрд м3 құрайды.

Үкіметтің баспасөз қызметі

Тегтер: газдандыруҚР Премьер-МинистріОлжас Бектеновөнеркәсіп

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты