Өңірдегі су тасқыны жағдайын едәуір нашарлатуы мүмкін кептеліс құбылыстарын болдырмау үшін жыл сайын «үлкен судың» келуі қарсаңында облыста бірқатар алдын алу шаралары жүргізілуде. ШҚО ТЖД мамандары, жергілікті атқарушы органдары мен қызметкерлері өзендердегі су арна бойымен кедергісіз, одан шықпай және аумақты су баспай өтуі үшін мұзды ұсақтайды.
20 наурызда жоғарыда аталған іс-шаралар Бұқтырма және Уба өзендеріндегі Сенное және Убинка ауылдарында өткізілді. Жұмыстың жалпы ауданы 29376 шаршы метрді құрады.
«Іс-шаралар су тасқыны кезінде қолайсыз нәтиженің алдын алуға бағытталған. Бұл тәсілдің көмегімен мұз босайды. Басты мақсат — кептелістің алдын алу», — деп ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы атап өтті.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі